Әлеуметтік қамтамасыз ету
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 29 наурыз 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Халықты әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қамтамасыз ету

Енгізілді: 04.09.2014Өзгертілді: 09.02.2017

Әлеуметтік сала бойынша   

Қала бойынша 2016 жылы аз қамтамасыз етілген азаматтарға  әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

89 отбасына (370 адамына) 8834,8 мың теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді.

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына жергілікті бюджеттен  265300,0 мың теңге қаралды. 2016 жылы мемлекеттік балалар  жәрдемақысына 7990 отбасының 23026 баласына  407418,4 мың теңге тағайындалып, төленді.

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 163681,0 мың теңге қаралып, 4270 отбасына (14551 адамына) 214688,4 мың теңгеге тұрғын үй көмегі төленді;

Жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 4524 адамға  333597,0 мың теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

2012 жылдан бастап «Сыр мейірімі» жобасы, үкіметтік емес мекемелердің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде, бюджеттен қаржыландырылып келеді. Есепті кезеңге сапалы тамақтануды қажет ететін жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, өзін-өзі күте алмайтын науқас 366 адамға  ыстық тамақ ұйымдастырылды. 

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.( «Атаулы  әлеуметтік көмек туралы» ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі №246 Заңының 1 бабы).

Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 пайыздық мөлшермен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен тоқсан сайын анықталады.

Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындауы үшін өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтік жеке кодының нөмірін көрсетіп, тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға белгіленген үлгіде өтініш жолдайды.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тапқан табысы туралы мәліметтер;

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша қажетті құжаттарды қалада - қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне, селолық жерде - кент, ауыл (село) әкіміне табыс етеді.

18 жасқа дейіңгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы

Балаларға арналған жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыста белгiленген азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен отбасыларға тағайындалады. ("Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" ҚР 2005 жылғы 28 маусымдағы  № 63 Заңының 4 бабы).

Азық-түлiк себетiнiң құны ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60 пайыздық мөлшермен анықталады.

Балаларға арналған жәрдемақы әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш берушi тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде немесе баламалы түрде (ЦОН) мынадай құжаттармен өтiнiш жасайды:

1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiш;

2) баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;

3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) отбасының тұрғылықты жерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

5) отбасының құрамы туралы мәлiметтер;

6) отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер.

7) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.

Тұрғылықты жерi бойынша балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган болмаса, өтiнiш берушi құжаттарын кенттiң,  ауылдық  округтiң  әкiмiне тапсырады. 

Тұрғын үй көмегі

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуіріндегі № 94 «Тұрғын   үй    қатынастары   туралы» Заңына және Қазақстан    Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту    туралы» Қаулысы, Қызылорда қалалық мәслихатының  2014 жылдың 27 наурызындағы №27/3 шешімімен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ережесі және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуіріндегі №319 бұйрығымен бекітілген  «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес басшылыққа ала отырып Қызылорда қаласының аз қамтамасыз етілген азаматтарына бүгінгі күні  тұрғын үй көмегі есебінен электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, ауыз және кәріз суға, тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарын, жылумен жабдықтау,  қоқыс әкету, қатты отынға, телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемі, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы және күрделі жөндеуге тағайындалып, төленуде.

Қызылорда қалалық мәслихатының  2014 жылдың 27 наурызындағы №27/3 шешімімен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ережесінің 4 тармағына сәйкес тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалып, төленеді және құжаттарды қабылдау жұмыстарымен ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуіріндегі №319 бұйрығымен бекітілген  «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҚАҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің филиалдарына келесі құжаттарды тапсыруға болатындығын хабарлаймыз:

Өтініш;

өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат;

тұрғын үйге құқық беретiн құжат;

отбасының кірісін растайтын құжаттар;

коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шоттар;

телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi.

Үйден оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балаларға көрсетілетін материалдық көмек

Мүгедек балаларды жалпы немесе арнаулы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу мен оқыту мүмкін болмаған жағдайда, оларды тәрбиелеу мен оқыту ата-анасының немесе заңды өкілдерінің тілегі ескеріле отырып, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысының негізінде үйде жүргізіледі. («Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі  №39З аңының 29 бабы).

Әлеуметтiк көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн алатындығына және отбасының табысына қарамастан тағайындалады.

Әлеуметтік көмек 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

Өтініш берушілер тұрғылықты мекен-жайы бойынша әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу жөнiндегi  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы»-на  мынадай құжаттарды ұсынады:

1) белгiленген нысандағы өтiнiш;

2) баланың тууы туралы куәлігі;

3) медициналық - әлеуметтiк сараптаманың (МӘС) мүгедектігі туралы берген анықтамасы;

4) психологтық - медициналық - педагогикалық консультацияның (ПМПК) мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiлігi туралы берген қорытындысы;

5) Жеке есеп шоты

6) Мекетептен анықтама

7) Мекен жай анықтамасы 

Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары

Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың уәкілетті органы жүзеге асырады.

Мемлекеттік емес нысандары үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.

Қызмет алушыларды бюджет есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын үйде қызмет көрсету ұйымына қабылдау мынадай құжаттардың негізінде:

1. қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және іс-әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының) өтініші (1-қосымша);

2. жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;

3. уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде)

4. баланың туу туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;

5. азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерінен анықтама;

6. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі

7. медициналық карта (2-қосымша);

8. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме.

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.

Жазбаша өтінішті және осы Стандартта көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін (3-қосымша) жасайды.

Тұрғын үй және басқа  да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп- тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.

Қызмет көрсетілетін қызмет алушыларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант тіркеу журналына (4-қосымша) тіркейді.

Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, 18 жастан асқан адамдар жеке адам ретінде есептеледі.

Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын мүгедектер мен қарттар бір адам ретінде есептеледі.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулығының жай-күйі, оңалтудың жеке бағдарламасының мақмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER