Жұмысқа орналастыру
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 тамыз 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Халықты әлеуметтік қорғау

Жұмысқа орналастыру

Енгізілді: 04.09.2014Өзгертілді: 11.07.2018

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жұмысқа орналастыру (жұмыссыздық, бос жұмыс орындары)

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2018 жылдың 1-ші шілдесіне экономикалық белсенді халық саны 123,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз (4,8 пайыз – 01.07.2017 жыл).

2018 жылға қалада 3913 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарланса, жыл басынан   3173 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 81 пайызға орындалды.

Жұмысқа орналастыру  2018 жылдың 1 шілдесіне Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөліміне хабарласқан азаматтардың саны – 6 758, оның ішінде жұмысқа орналасқан азаматтар – 3 929, тіркелген жұмыссыздық  деңгейі – 1,9 пайызды құрады.

Жұмысқа тартудың белсенді түрлерінің бірі - қалада  ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу арқылы жұмыссыздарға жұмыс берушілермен кездесуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 6 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 131 жұмыс беруші 660 бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде тұрақты жұмысқа орналасқаны – 660, қоғамдық жұмысқа – 100,  кеңес алғандары -747.

Қоғамдық жұмыстар 2018 жылы 2000 адамға 204 803,0 мың теңге қаралып, оған 2018 жылдың 1 шілдесіне 1054 адам қоғамдық жұмысқа тартылып, 103 695,0 мың теңгесі игерілді.

Жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа оқыту және қайта даярлау еңбек нарығының сұранысына, сонымен қатар қаланың индустриалды инновациялық дамуына сәйкес жүргізіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жергілік бюджеттен 705 адамға барлығы 166 410,0 мың теңге бөлінді. Еңбек нарығының қажеттілігіне байланысты қаладағы жұмыс берушілерден келіп түскен сұраныстарға сәйкес өнірлік комиссиямен мамандықтардың тізімі бекітіліп, қазіргі таңда 675 үміткерлер оқуға жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамға республикалық бюджеттен 23 546,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 8 адамға  2039,0 мың теңге бөлінді, барлығы 68 адам. Жыл басынан бастап 35 мекемемен келісім шарт жасалып, 128 адам жолданды. Игерілгені республикалық бюджеттен 82 00,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 904,0 мың теңге, барлығы  9 104,0 мың теңге. 45 пайызға орындалды.

 Жастар тәжірибесі бойынша республикалық бюджеттен 280 адамға 100 865,0 мың теңге және жергілікті (облыстық) бюджеттен 77 адамға 36 073,0 мың теңге бөлініп, барлығы 357 адам. Бағдарлама аясында сұраныс берген 219 мекемелерге 294 жас маман жолданды. Игерілгені республикалық бюджеттен 42 500,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен 10 400,0 мың теңге, барлығы 52 900,0 мың теңге. 38 пайызға орындалды.

 

Жұмыссыздарды тіркеу

1. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш бiлдiрген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лайықты жұмыс таңдалмаған жұмыс iздеп жүрген жұмыссыз адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу туралы шешiм қабылдайды.

2. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерi арқылы оның деректерiн тексергеннен кейiн жұмысқа орналастырудың жеке картасына алынған мәлiметтердi енгiзе отырып жүзеге асырылады.

3. Халықты жұмыспен қамту орталығы өтiнiш жасалған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткенде жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз ретiнде тiркеу күнi және есепке қою туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы хабардар етедi.

Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күнi iшiнде кемiнде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

Жұмыссыздарды есептен шығару

1. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссызды мынадай жағдайларда:

1) лайықты жұмыстың ұсынылған екi түрiнен бас тартқанда:

2) дәлелсiз себептермен:

халықты жұмыспен қамту орталығы жолдама берген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;

шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысу үшiн үш жұмыс күнi iшiнде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;

халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;

3) жұмыссыз осы Заңда көзделген халықты жұмыспен қамту орталығына келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

4) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

5) көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.

2. Есептен шығарылған жұмыссыздар есептен шыққан күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң ғана халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс iздеушi адам ретiнде қайтадан тiркеле алады.

Әлеуметтік жұмыс орны

1. Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезiнде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды және олар ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.

2. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыссыздар үшiн арнайы құрылады, олардың  арасында:

1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерiнiң түлектерi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың

2)  зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар;

3)   мүгедектер;

4)   бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;

5)   пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;

6)   кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар;

7)  жетi жасқа дейiнгi баланы, мүгедек баланы, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi бағып-күтудi жүзеге асыратын адамдар;

8)  оралмандар;

9)  терроризм актiсiнiң нәтижесiнде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады;

Халықты жұмыспен қамту орталығы мен арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушi және әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлетiн жұмыссыз арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.

Әлеуметтiк келiсiмшарт тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн, еңбекақы мөлшерiн және оны төлеу шарттарын, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландыру мерзiмдерi мен көздерiн қамтуға тиiс.
Әлеуметтiк жұмыс орындарындағы еңбек қызметiн дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыздар ретiнде есептен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығына қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қайта қатысуы мүмкін.

Қоғамдық жұмыстар 

1. Қоғамдық жұмыстарды халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдарда ұйымдастырады және бюджет қаражаты шегiнде және жұмыс берушiлердiң тапсырыстары бойынша олардың қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

2.  Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1)  жұмыссыздардың

2)  жазғы демалыс кезеңiнде студенттердiң және жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жоғары сынып оқушыларының

3)  тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етiлмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1)  жұмысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемдердi алмайтын жұмыссыздар;

2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған жұмыссыздар басым құқықты пайдаланады.

3) Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы, олардың халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiнде олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.

3.  Қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетiн адамдармен әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.

4.  Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар, олардың есебiнен шығарылады және халықты жұмыспен қамту орталығында қайта тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жiберiлуi мүмкiн.

 

2018 жылдың 1 шілде айына бос жұмыс орындары туралы мәлімет

Мекеме атауы

Бос жұмыс орны

Саны

Мекен жайы,

байланыс телефоны:

1

№ 5 И.В. Панфилов атындағы мектеп-

лицей

Бастауыш сынып мұғалімі (орыс бөлімі)

География пәні мұғалімі (орыс бөлімі)

Физика пәні мұғалімі (орыс бөлімі)

Математика пәні мұғалімі

(орыс бөлімі)

1

 

1

 

1

 

1

Байланыс телефоны:

27-63-83

Әуелбеков көшесі,

№ 10

2

«Қызылорда су жүйесі»  МКК

Бағбаншы

Инспектор

1

1

Желтоқсан көшесі,

№ 156

Байланыс телефоны:

87018982066

23-00-42

3

№ 5 қалалық емхана

Жалпы тәжірибелік дәрігер

Педиатр

6

1

Балқы базар көшесі,

№ 1А

Байланыс телефоны:

22-57-88

4

«Сот сараптамалары орталығы» РМҚК

Дәрігер сот медицина сарапшысы

(Талаптары: жоғары медициналық білімі болуы, емдеу ісі, хирург, жалпы тәжірибелік дәрігері, педиатр

санитария, гигиена, эпидемиология мамандықтары бойынша бітірген болуы шарт.)

1

Абай даңғылы, 43б

Байланыс телефоны:

23-70-56

23-10-94

Email:

cse_k-orda@nur.kz

5

«Қызылорда дизайн» ЖШС

Жарнама жасау шебері

Дизайнер

2

1

Байланыс телефоны:

23-41-26

6

2019 Әскери бөлімі

Жүргізуші - экспедитор

1

Жібек Жолы көшесі,

№ 10

Байланыс телефоны:

29-60-21

29-60-95

7

ТОО ЕКЕN SYNERGY

 

Сату менеджер

Менеджер басшысы

4

 

1

Абай даңғылы №25

87781917474

8

«Ар-Орда» ЖШС

Тігінші

Менеджер

4

1

Мұратбаев көшесі

№ 15 үй, 62 пәтер

Байланыс телефоны:

87777525742

 

9

«Дабысов» ЖК

Тігінші

Киім пішуші

5

2

Мұратбаев көшесі,

18 үй, 37 пәтер

Байланыс телефоны:

87011367729

10

«Бидайық» ЖК

Наубайханашы

Кондитер

Жүргізуші (жеке автокөлігімен)

6

2

1

Тасбөгет кенті, Маханов көшесі, № 2

Байланыс телефоны:

87779599235

11

«Сибу-Қызылорда» ЖШС

Бұрғы ерітіндісін дайындау жұмысшысы

Бұрғылау көмекшісі

Бұрғылау қондырғыларына дизелизші

Бұрғылау қондырғыларының слесарі

Электргазбендәңекерлеуші

Хатшы (қазақ, орыс, қытай тілдерін меңгерген)

Автожүктиегіш жүргізушісі

Қытай тілінің аудармашысы

Қоймашы

Бас есепші

Тампонажды арнайы техниканың жүргізушісі

Жұмысшы

4

 

4

2

 

4

 

3

1

 

1

4

1

1

8

 

8

Абай даңғылы, № 14

Байланыс телефоны:

23-05-22

(вахталық жұмыс)

12

«Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігі

Жұмысшы

(16-29 жас аралығы)

10

Дәуітбаев көшесі, № 62

Байланыс телефоны:

87479610296

13

«Қыран» ЖШС

Механизатор

Жүргізуші (В, С, Е)

Аспазшы

 

8

20

5

Еділбаев көшесі, 62

Байланыс телефоны:

25-62-11

14

«К-GROUP ЛТД” ЖШС

Аспазшы

Бөлме тазалаушы

1

1

Байланыс телефоны:

26-26-04

15

«СырдарьяНефтеСервис» ЖШС

Есепші

1

Байланыс телефоны:

21-64-14

16

Жеке сот орындаушы

Р. Серіков

Заңгер

Қаржыгер

1

1

Қорқыт ата, 53

Телефоны: 27-04-55

17

«Бегайдаров» ЖК

Оператор

(ер балдар)

1

Тасбөгет Дүйсенов, 25/б

Телефоны:

87779295779

18

Қызылорда облыстық оқу орталығы

Электрик

1

1

Әйтеке би, №2

Байланыс телефоны:

26-38-05

19

«Транс Азия Констракшн» ЖШС

Экскаватор машинисті

Бульдозер машинисті

4

2

 

Көшербаев к-і, № 94

Байланыс телефоны:

24-61-12

20

«Каспий Банк» АҚ Қызылорда қ. филиалы

Ағаш ұстасы-сантехник

1

Абай даңғылы, № 38

Байланыс телефоны:

87752289817

21

«Сұңқар Секьюрити» ЖШС

Күзетші

Күзетші ГБР

Күзетші-жүргізуші

Жөндеуші

Кезекші күзетші

30

30

30

5

3

Атырау қаласы, Гурьевская-3б

Байланыс телефон:

87122506782

22

«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС

Жол шебері

Бульдозер машинисті

1

1

 

Торайғыров көшесі, №86

Байланыс телефоны:

55-11-45

23

«Аралгаз» ЖШС

Заңгер

1

Белкөл кенті,

№ 13 шатқал, офис, 7

Байланыс телефоны:

30-00-95

24

«Oil&Gas Company» ЖШ

 

Монтажник

Электросварщик

Электрик

6

5

3

Арай м/а, Махамбетов көшесі, № 10

Байланыс телефоны:

87775330625

87072050729

25

«Битком» ЖШС

Инженер электронщик

1

Абай даңғылы, №33

Байланыс телефоны:

87771648825

26

«Гүлнұр» ЖК

Жұмысшы

 

3

Қаратаев көшесі,  №13

Байланыс телефоны:

 87054324122

27

«Нур-Фалах»

Бетонщик

Сварщик

Штукатурщик

2

2

2

Байланыс телефоны:

87054556094

28

ШҚ «Дария»

 

Жылқышы

Тауық күтуші

1

1

Жаппасбай батыр көшесі, №52

Байланыс телефоны: 87778786454

29

Қызылорда аудандық пайдалану бөлімі

Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану бөлімінің инженері

Құжаттармен қамтамасыз ету бөлімшесінің инспекторы

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлім басшысы

Автомобиль жүргізушісі

1

 

 

    1

 

    1

 

 

1

Тасбөгет кенті, Жаңадария қоныс,

№ 32 құрылыс

Байланыс телефоны: 87768581978

30

«Сәт Сервис» ЖШС

жұмысшы

2

Лапина көшесі, құрылыс №2/10Б

Байланыс телефоны: 25-54-70

31

«Балтабаева» ЖК

Есепші көмекші

Аспазшы көмекші

Кассир

1

2

2

Көбейхан көшесі, №74

Байланыс телефоны: 87752017773

235174

32

«Нұртас-Бауыр»  LTD ЖШС

бөлме тазалаушы

1

Бегім ана №5/25

Байланыс телефоны: 87771155395

33

«ХанДам» ЖК

тігінші

2

Кетебай би №129

Байланыс телефоны: 87025640779

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея