Білім
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 17 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Білім

Енгізілді: 18.01.2014Өзгертілді: 12.11.2019

Мектепке дейінгі тәрбие

 

 

 

Бүгінгі күні қала бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны - 240. Оның ішінде мемлекеттік балабақша саны-27, мектеп жанынан ашылған шағын орталық-6, жеке балабақша-207. Елбасының тапсырмасына сәйкес 3-6 жас аралығындағы барлығы 20315 бала мектепке дейінгі мекемелермен қамтылып, көрсеткішіміз  100 пайызды құрады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын цифрландыруға көшіру мақсатында 2018 жылдан бастап«Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне Қызылорда қаласының 240 мектепке дейінгі білім беру ұйымында енгізілді (оның ішінде 207 жеке меншік балабақша).

 

                    

 

Жалпы орта білім

2018-2019 оқу жылында 54 жалпы білім беретін мектептерде 58620 оқушы білім мен тәрбие алуда. Мектептердің ішінде 3 мектеп-гимназия, 11 мектеп-лицей, 1 «Мұрагер»  дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп, барлығы 15 инновациялық мектептер жұмыс жасайды. Осы мектептер қатарындағы №7 және №268 мектептері 2018 жылы мектеп-лицей, №3 мектеп-лицейі «IT-мектеп-лицейі» статустарына ие болды.

Қызылорда қаласы бойынша апаттық және үшауысымды мектептер мәселесі түбегейлі шешілген.

Жаңа оқу жылында 3, 6, 8 сыныптардың оқулықтары мен оқу – әдістемелік кешендері толығымен жаңартылып, білім беру ұйымдарын оқулықпен толық қамтамасыз ету үшін қажетті 582 млн 325 мың теңге қаржы бөлініп, барлық білім беру ұйымдары 100 пайыз оқулықпен қамтылды.

 

Кадр мәселесі, аттестаттау

 

 2018-2019 оқу жылында қаламыздағы мектептерде 6387 мұғалім жұмыс атқаруда. Олардың 5910-ы жоғары білімді, 477-і орта арнаулы білімді. Санаты бойынша педагог кадрлардың сандық көрсеткіші:1253-і жоғарғы санатты, 1662 мұғалім бірінші, 1525 мұғалім екінші санатты педагогтар. 2018 жылғы енгізілген біліктілік санаттары бойынша 5-і педагог шебер, 387-сі педагог зерттеуші, 482-сі педагог-сарапшы, 538-і педагог-модератор біліктілік санаттарын алды. Аталған біліктілік санаттары үшін мұғалімдердің лауазымдық жалақысына қосымша 30%-дан 50%-ға дейін үстемақы төленуде.

 

 

 

 Біліктілік арттыру, үш тілде оқыту

Қызылорда қаласы бойынша жалпы білім беру мазмұнын жаңарту аясында бүгінгі күні 3787 мұғалім біліктілік курстарынан өткізілсе, бұл жалпы педагогтардың 59,3% - ды  құрайды.

Қызылорда қаласы бойынша 2012 – 2018 жылдар аралығында «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен «Кембридж» университетінің бірлесіп жасаған деңгейлік бағдарламасы аясында  54 мектеп (100%) директорлары және 142 мектеп директорларының орынбасарлары (49,3%)арнайы біліктілік арттыру курстарынан өткізілді.

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу – 2019

 

2017 жылдан бастап енгізілген өзгерістер бойынша  Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

 

ҰБТ тапсыру форматы биыл да өзгеріссіз, тек биылғы жылы қосымша жаңалықтар енгізілді:

 

Жоғарғы оқу орындарына (ЖОО) ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) ҰБТ өткізіледі.

 

ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін қаңтар айында өткізілетін ҰБТ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 5 оқу ғимаратында орналасқан тестілеу пунктінде 18-20 қаңтар күндері өткізілді.

 

Талапкерлер ЖОО-на қабылдану үшін ҰБТ нәтижесі бойынша тестілеуде ұсынылатын 120 сұрақтан мүмкін болатын 140 балдың 50 балын жинауға тиіс.

 

Мектеп бітіретін оқушы қаңтар және наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау Конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.

 

Тестілеу 3 міндетті (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және талапкердің таңдаған мамандығы бойынша бейінді              2 пәннен тұрады.

 

Қызылорда қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін 50 мектепті 1725 оқушы бітіреді, оның 805-і (46,7%) қаңтар айының 18-20 аралығында өткізілген ҰБТ-ға қатысты.

 


Олимпиада, ғылыми жоба, мұғалімдер байқаулары

 

 

 

         2018-2019 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қала мектептерінен 61 оқушы   қатысты: жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 25 оқушы.   Қатысушылардың 38-і жүлделі орындарға ие болды:  І орын – 3,  ІІ орын – 12, ІІІ орын - 23.     

 

Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қала мектептерінен 19 оқушы жолдама алды: жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 8 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 11 оқушы.    

 

 

Қосымша білім беру

 

Қала бойынша 54 мектепте 58620 оқушы білім алуда. Қосымша білім берумен 38644 оқушы қамтылып, 65,9 %  құрап отыр. Атап айтқанда:

- қалалық білім бөліміне қарасты 5 қосымша білім беру ошақтары жұмыс жасап, онда барлығы 2649 оқушы («Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында 1300 оқушы, Тасбөгет кентіндегі «Оқушылар мен жасөспірімдер үйінде» 450 оқушы, «Өнер мектебінде» 465 оқушы, №264 мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығында 304 оқушы, №267 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығында 130 оқушы);

- мектеп жанындағы спорттық секциялар мен үйірмелерге 25851 оқушы (540 спорт секциясына 15900 оқушы, 497 үйірмеге 9951 оқушы);

 

Инклюзив, үйден оқыту

 

         Биылғы оқу жылында мектептерде 2688 мүмкіндігі шектеулі балалар білім алса, оның 1128-і (42%) инклюзивті біліммен қамтылған. Сонымен бірге, 400-і денсаулығына байланысты үйден оқытылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Мұрагер», №№ 4, 7, 145, 211, 222, 264 мектептер жанынан 7 логопедтік пункт және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім алуларын қамтамасыз ету мақсатында №264 мектеп-лицейінде инклюзивті сыныптар жұмыс жасап келеді.  2019 жылдың қаңтар айынан бастап 15 мектепке дефектолог штаттық бірлігі берілді. Жалпы 54 мектептің 24-де (44,4 пайыз) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалынған.

 

Ыстық тамақ, тасымал

 

2018-2019 оқу жылында барлық мектептердің асханалары мен буфеттерін жалға алуға байланысты үш жақты келісім-шарттар жасалынып, «Жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан берілетін» бір мезгілгі тегін ыстық

Қаламызда мектебі жоқ елді мекендерден мектеп оқушыларын арнайы бекітілген автобустармен тасымалдау жүйелі жолға қойылып, 2018-2019 оқу жылында 630 бала тасымалдануда. (Атап айтқанда, №176 орта мектепке «Саябақ», «Сабалақ» саяжайларынан, ПМПК-66 елді мекенінен; №172 орта мектепке  «Сабалақ» елді мекенінен; №215 орта мектепке «Қубас», «Төрттам», «Тоғай» елді мекендерден; №264 мектеп-лицейге «Сабалақ», «Эдельвейс» саяжайларынан; №39 орта мектепке «Арғын» елді мекеннен; №138 орта мектепке «Сиыр фермасынан»,№178 орта мектепке «Геолог» саяжайынан, №264 мектеп-лицейі мен №176 орта мектепке оқушылар тасымалы автобус және газель көлігімен, № 172, 39, 218, 215, 178, 138 орта мектептерге «Газель» көлігімен тасымалданды).

 

Білім беруді цифрландыру.

 

Бүгінгі күні  қаламыздағы 54 мектептің барлығы 100% кең жолақты интернет желісіне қосылса, балалардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту  қазіргі таңда басты назарда. Осы орайда, 2018 жылы Қызылорда қаласының білім беру ұйымдары 11 785,7 мың теңгеге 26 дана интерактивті тақтамен,  195 495,0 мың теңгеге жаңа үлгідегі 11 физика, 11 химия,  8 биология кабинеттерімен және 77 млн.142 мың теңгеге 23 робототехника кабинеттерімен жабдықталды.

2017 жылы мектеп оқушылары үшін 36 млн 514 мың теңгеге                237 жиынтық компьютер алынып берілсе, 2018 жылы 13 млн. 071 мың теңгеге 80 жиынтық компьютерлермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ облыстық білім басқармасының бастауымен ГЧП арқылы 1351 жаңа компьютер беріліп мектептер толығымен жабдықталды.

Бүгінгі күні «Күнделік» электронды журналдар ақпараттық жүйесіне            54 мектептің барлығы  қосылып, мұғалімдер «қағазбастылықтан» арылды. Электронды "Күнделік" жобасы арқылы ата-ана - мұғалім – оқушы арасындағы байланыс нығайтылуда.

Жүйеге қосылып, кедергісіз жұмыс жасау үшін 2018 жылы мектептерге 20 млн. 402 мың теңгеге 583 планшеттер алынып берілді.

Сонымен бірге, 2018 жылы 204 дана Wi-fi роутер алынып мектептеріміз қазіргі таңда wi-fi желісімен толық қамтылды. №3 ІТ-лицейі мен "Мұрагер" мектебіне 3D лаборториялары (13 млн 768 мың  теңге) және 2 цифрлы білім беру кабинеттері (9 млн. 544 мың 700 теңге) берілді.

«Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» 6 млн 146 мың теңгеге "3D-модельдеу кабинетімен" және  8 млн 521 мың теңгеге "Цифрлық білім беру лабораториялық кабинетімен"  жабдықталды. Бұдан бөлек, «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы", "IT Аймақ Орда" жобасын қорғап, 60 млн. теңгеге жаңа үлгідегі 12 кабинетпен жабдықталды.

 

Рухани жаңғыру

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасының  «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын жұмыстар  іс-шаралар жоспарына сәйкес  жүргізілді. Жүйелі жұмыс жүргізу  үшін әр мектепте «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  мектепішілік жоспары жасалып,  арнайы маманға үйлестіру жұмыстары бекітілген.

 

«Тәрбие және білім» кіші бағдар­ламасының 3 базалық бағыты: «Өл­кетану», «Саналы азамат», «Ота­ным – тағдырым», оның 20 кіші бағыты республикалық деңгейде бекітіліп, шаралары белгілен­ген. Осы кіші жобалар аясында 2018 жылы барлық білім беру ұйымдарында жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Өлкетану» базалық бағыты – туған жерін зерттеуге, жергілікті тарихи жобаларды жүзеге асыруға, дамыту­ға бағытталған, оның 4 кіші жобасы бар:

 

1. «Алтын адам» – өлкетану бойынша оқулықтар шы­ғару. 5–7 сыныптарға арналған (та­рих, география және қазақ әдебиеті, музыка) пәндері біріктіріліп, өлке авторларының «Өлкетану» оқулығы дайындалды.

 

2. «Менің Отаным – Қазақстан» – балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және жергілікті өлкелерді зерттеу, экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыру. 2018 жылы «Менің Отаным – Қазақстан» атты жас өлкетанушыларға экскурсиялар ұйымдастырылды.

 

3. «Тарих мұрасы» – өлкетану тари­хын, мәдениетін және туған өлкенің дәстүрлерін терең зерттеу. Өлкенің қоғам қайраткерлері, танымал тұл­ғаларына арналып мектептердің жанынан 15 өлкетану музейі ашы­лып, толықтырылуда.

 

 

 

Қамқоршылық, қорғаншылық

 

2018 жылдың 12 айында қорғаншылық немесе қамқоршылық тәрбиеде - 356, патронаттық тәрбиеде - 69 бала бар. (Патронат тәрбиеші саны - 44)

Ережеге сәйкес, 425 балаға күтіп-бағу жәрдемақысы тағайындалып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 АЕК ай сайын төленіп келеді.

 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, есепте тұрған балалардың бәрі жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан оқулықтармен, киіммен және ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.

Қызылорда қаласы әкімдігінің Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы жұмысына сәйкес 2018 жылдың 12 айында 24 отырысы өткізіліп, 108 балаға қатысты мәселе қаралды. Ал, 2017 жылдың 12 айында 24 отырысы өткізіліп, 124 мәселе қаралған болатын.

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея