Орындалуы туралы есеп
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 ақпан 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Экономика » Жасыл экономика

Орындалуы туралы есеп

Енгізілді: 19.08.2014Өзгертілді: 28.01.2017

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» орындалуы туралы есеп

Қызылорда қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша Қызылорда қаласының әкімдігі біршама іс-шараларды жүзеге асырды. 

Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жоспарда ормандарды қалпына келтiру, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қызметiн дамыту, мемлекеттiк орман мекемелерiнiң өрт-химия станцияларын материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi iс-шаралар көзделдi. 

Қазiргi уақытта Қызылорда қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесiн жаңғырту бағдарламасын әзiрлеу жүргiзiлiп жатыр. Шартты ұйымдастырылған үйiндiлердiң жағдайын кешендi талдау жүргiзiлiп жатыр: олардың жалпы саны, алаңы, жинақталған қалдықтар көлемi анықталуда. Аталған бағдарламаны iске асыру аясында өндiрiс және тұтыну қалдықтары орналасуының, қалдықтарды көму аумақтарының, тұрмыстық қоқыс үйiндiлерiнiң, тұрмыстық қоқысты жел қақтыратын аумақтардың өңiрлiк карталарын әзiрлеу жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, Қызылордада ауыз су беру жүйесіне энергия үнемдейтін технологиялар енгізілмек.

«Қызылорда су жүйесін» толығымен автоматты басқару жүйесі бар энергия үнемдейтін технологияға ауыстыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қызылордада сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс басталып кетті. Осыған орай, ТЭН жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Еуропалық Қайта құру және даму банкінің облыс бюджетімен бірлескен қаржыландыру шарттары бойынша аталмыш жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесін жаңғырту үшін 15,5 млн доллар жұмсалмақ. ЕҚДБ 10 млн доллар бөледі, қалғанын аймақ табады.

Атмосфералық ауаны қорғау және автокөліктерден шығатын жалпы шығарындылардың деңгейін төмендету мақсатында компримирленген табиғи газбен жүретін көлік пен электр көлігінің санын арттыруға бағытталған қоғамдық жолаушылар көлігі экологияландырылуда. Қабылданған 2012-2016 жылдарға арналған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасы шеңберінде:

Қазіргі таңда қалаішілік 25-бағытағы және қала маңына қатынайтын 7-бағыттағы маршруттарда жеке меншіктегі барлығы 987 автокөлік 2 ауысыммен қызмет көрсетуде, оның ішінде 602 кіші сиымдылықтағы және 385 орта сиымдылықтағы автобустарды құрайды, аталған көлік құрамы күнделікті автобус паркіне қарасты диспеттчерлік бекеттерден техникалық және медициналық бақылаудан өткізіліп, жолдама арқылы рейіске шығарылуда.

Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерде жолаушылар мен багажды тасымалдауды тұрақты ұйымдастыру мақсатында «Қызылорда» Автобус паркі» ЖШС-гі тарапынан 2015 жылға арналған арнайы Іс-шара жоспары бектіліді.

Іс-шара жоспарына сәйкес бірінші кезеңге үлкен сиымдылықтағы экологиялық таза табиғи газ отының пайдаланатын және мүгедектерге арнайы жабдықталған 20 бірлік заманауи «Zhongtong» маркалы автобустар әкелініп, №18 бағыттағы маршрутпен іске қосылды.

Ағымдағы жылы қала аумағындағы 70,7 шақырым болатын 72 көшеге қайта жаңғырту, күрделі жөндеу және орташа жол жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланып отыр.

Абаттандыру жұмыстары бойынша 9,6 шақырым құрайтын 11 көшенің жаяу жүргіншілер жолын жөндеуге «Анкема» ЖШС-мен екі жақты келісіш шарт жасалуда.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER