Санитария және эпидемиология
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Денсаулық сақтау

Санитария және эпидемиология

Енгізілді: 25.04.2014Өзгертілді: 04.05.2017

2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен 

Қызылорда қаласында аса қауіпті, жұқпалы және паразитарлық аурулар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал 

2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша  Қызылорда қаласында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша тұрақты эпидемиологиялық ахуал қалыптасуда. 

Қала тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, қызылша, көкжөтел, сіріспе, ірінді менингит, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, трихинеллез, иерсиниоз, безгек,  ҚКГБ, құтырма, қүл аурулары тіркелмеген.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда облыс көлемінде жұқпалы аурулардың 10 түрі бойынша аурушандық көрсеткішінің төмендеуі орын алды. Нақты атап кетсек, ротавирусты энтериттер –3,3 есеге, жіті вирусты гепатиттер С – 1 жағдайға, эхинококкоз – 2 жағдайға, туберкулез 1 жағдайға, сальмонеллез ауруы -12,2 есеге, анықталған ЖЖІА-44,6 пайызға, функционалдық диарея 8 жағдайға, жедел респираторлы вирусты инфекциясы - 33 пайызға, тұмау ауруы 2 есеге және қышыма ауруы 7 жағдайға төмендеген.  

Сонымен қатар, ағымды жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша   облыс тұрғындары арасында тамақтан улану – 28,8 пайызға, сарып ауруы –3 жағдайға, жалпы жедел вирусты гепатиттер  3 жағдайға, оның ішінде В түрі 4 жағдайға,   алғаш анықталған созылмалы вирусты гепатиттер – 9 жағдайға, мерез – 34 пайызға жоғарлаған. 

Жұқпалы жедел ішек аурулар тобының  ішіндегі бактериалды дизентерия, анықталмаған ЖЖІА, вирусты гепатит А, С  түрі, эпидпаротит, туберкулез және скарлатина ауруларының аурушаңдық көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде сақталған.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER