Медициналық қызмет көрсету
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Денсаулық сақтау

Медициналық қызмет көрсету

Енгізілді: 25.04.2014Өзгертілді: 03.07.2018

2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы

 

2016 жылдың 15 қаңтарында 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес,облыс әкімінің өкімімен аймақтық іс-шаралар жоспары екітілді.

Жалпы өлім-жітімнің себептерінің 52% құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша Жол карталары әзірленіп, бекітілді.

Пациенттердің жүру бағытын ескерумен 3 деңгейдегі медициналық көмек көрсету жүйесі ұрылды. 1 деңгейдегі БМСК ұйымдарында барлық 5 бағыт бойынша 89 мамандандырылған кабинеттері ашылды.

Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарымен Байқоныр қаласының тұрғындары үшін аймақтағы жол қатынастарының ұзақтығын  ескере отырып, елдімекендер де орналасқан халыққа мамандандырылған көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында  Қазалы теміржол ауруханасының базасында 3-ші аудан аралық нейроинсульттық орталық ашылды.

Қазалы аудандық орталық ауруханасының базасында 15 төсек орынға нейрореабилитациялық бөлім,   №3 қалалық емхананың базасында инсультпен ауырған науқастарға кеш оңалтуды жүргізу мақсатында нейрореабилитациялық орталық ашылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектеп медицинасына көңіл бөлініп, облыстық білім басқармасынан мектеп медицинасы   денсаулық сақтау басқармасына өткізіліп, жоспар бойынша тиісті жұмыстар жалғастырылуда.

Жарақатты азайту бойынша Жол картасын іске асыру салааралық жұмыс болып табылады. Осыған орай, Жол – көлік оқиғаларын азайту мақсатында ішкі істер басқармасы, автожол басқармасы және аудадндық әкімдіктер деңгейінде мамандарды алғашқы көмек көрсету бойынша, жол белгілерін орнату бойынша, жол ережелерін қатаң сақтауларын қадағалау бойынша біршама жұмыстар атқарылды.

2017 жылдың  11 айында  жол  көлік оқиғасы былтырғы жылмен бір деңгейде (2016ж. – 312 жағдай, 2017 ж. – 311 жағдай), зардап шеккендер саны 1,8% жағдайға төмендеді (2016 ж. – 379, 2017 ж. – 372).

Сонымен қатар,  2016 жылдың 11 айымен салыстырғанда  жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандар саны 7,4%-ға төмендеді..

Туберкулезге қарсы атқарылып жатқан іс шаралар нәтижесінде туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштері тұрақтанды. Жаңа туған нәрестелерді БЦЖ егуімен қамту 99,0%-ға жеткізілді .

Сонымен қатар, аса қауіпті жұқпалы инфекциялар, оның ішінде Қырым Конго геморрагиялық қызбасының алдын – алу және күрес жүргізу жұмыстары бойынша Үйленстіру кеңесі өткізіліп, салааралық байланысты нығайту арқылы жан – жақты жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

Жалпы өлім көрсеткіші 4,7 құрап, былтырғы жылмен бір деңгейде (2016 ж-4,7).

Туберкулез бойынша аурушандық көрсеткіші 11,3%- ға төмендеп 100 мың тұрғынға шаққанда 56,4-ді құрады (2016ж-63,9).

Туберкулез бойынша өлім көрсеткіші 14,8% ға төмендеп 2,3- ды құрады(2016 ж-2,7).

Қатерлі ісік бойынша өлім көрсеткіші 19,1%-ға төмендеп 56,1-ніқ ұрады (2016ж-69,4).

Ағымдағы жылдың 11айлығында ана өлімі тіркелген жоқ (былтырғы жылы көрсеткіш 11,2).

Сәби өлім көрсеткіші 9,4 % төмендеп 8,6‰ құрады (былтырғы жылы 9,5)

Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен мекемелерді медициналық техникамен қамтамасыз етудің материалды-техникалық өсу көрсеткіші -61% өсіп, 2015 жылдың 45,19% көрсеткішіне қарағанда 73% құрады (2015ж– 45,98%, 2014 ж–44,19%, ҚР–71,55%.  

2017 жылы облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен лизинг бойынша 2 955,0 млн. теңгеге 350 бірлік медициналық техника сатып алынды.  

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен жоспарға сәйкес кадр тапшылығын жоюға, бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсетуді дамытуға, тұрғындардың көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсартауға және медицина желісін мемлекеттік нормативке келтіруге бағытталған жұмыстар өз жалғасын табады.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея