Шағын және орта бизнес
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Бизнес

Шағын және орта бизнес

Енгізілді: 07.04.2014Өзгертілді: 28.01.2017

Шағын және орта бизнес

2016 жылы қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26 615 бірлікті құрайды. Оның ішінде; жеке кәсіпкерлер саны – 19 882 бірлік, жұмыс істейтіндер саны -16794. Заңды тұлғалар бойынша - 6733 бірлікті , жұмыс істейтіндер саны - 5117 бірлікті құрап отыр.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына қаладағы шағын кәсіпкерлік саласы бойынша 2056 жаңадан жұмыс орны  ашылды. Оның ішінде сауда саласы бойынша - 781, білім және денсаулық – 433,  өнеркәсіп саласында – 81,  басқа да салалар бойынша – 761

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2 семинар және 1 дөңгелек үстел өтті.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 50 млрд 167 млн. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылуда. Ондағы 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 8 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1107 адам жұмыспен қамтылатын болады. Олар:

Республикалық карта аясында:

1. «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы. Жоба құны 36,7 млн. теңгені құрап, жаңадан 310 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында:

1. «Жан Арай Жем»ЖШС-нің «Қуаттылығы тәулігіне 80 тонна құрама жем зауыты» жобасы. Жоба құны 375,9 млн. теңгені құрайды, жаңадан 60 адам жұмыспен қамтылды.

2.  «РМЗ- Шапағат» ЖШС-нің «Үй құрылыс комбинаты» жобасы; Жоба құны – 1454,0 млн. теңге, жаңа жұмыс орны – 68 адам. Қуаттылығы жылына  35 000 м2 үй салу.

3. «Тримо» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500  тонна екіокись молиден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы.Жоба құны – 871,5 млн. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 20 адам, іске қосылу кезінде 58 адам қамтылатын болады.

4. «Евразфарма» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында қатты дәрілік түрдегі Фармацевтикалық зауытының құрылысы» жобасы.Жоба құны – 803,6 млн. теңге, жаңа жұмыс орындарымен құрылыс кезінде 70 адам, іске қосылу кезінде 70 адам қамтылатын болады.

5. ЖК "Дабысов" «Көмірсутекті шикізатты өңдеу шағын өндірістік құрылғысын орнату» Жоба құны 375 млн. теңгені құрап, жаңадан 70 адам жұмыспен қамтылатын болады.

6. «Высшая Аграрная Лига» ЖШС-нің «Жалпы алаңы 3,2 гектар болатын автоматтандырылған жылыжай кешенінің құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 987,5 млн. теңгені құрайды. Қуаттылығы жылына 1645 тонна сапалы көкөніс. Құрылыс кезінде 31, ал іске қосылған кезде   35 жұмыс орны ашылады.

7.  «Nik oil company» ЖШС - нің «Қызылорда қаласында мұнай өңдеу зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны – 4,1 млрд. теңге, жаңа жұмыс орны – 50.

8.  «Қызылорда мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 500 мың тонна мұнай өңдеу зауыты кеңейту» жобасы. Жобаның құны – 4,5 млрд. теңге, жаңа жұмыс орны – 386.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER