Өнеркәсіп және туризм
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Өнеркәсіп және туризм

Енгізілді: 12.03.2014Өзгертілді: 04.07.2018

Өнеркәсіп

 

Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі  2018 жылдың қаңтар-мамыр  айында 313 602,9 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 94,8% құрады.  Облыс бойынша өндірілген өнімнің 84,6% Қызылорда қаласының үлесінде.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 282 344,6 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 94,1%-ды құрады. Оның ішінде 267 830,4 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 93,1% құрады. Есепті кезеңде 2 663,7  мың тонна мұнай өндірілген немесе 93,1%.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 16 125,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 108,0% құрады. Оның ішінде:

Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша  148,8 млн. теңгенің  өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,0%. Оның ішінде, киім өндіру  39,1 млн. теңгені  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  81,7% құрады, тоқыма бұйымдарын өндіру 109,7 .теңгені немесе 121,5 есеге орындалды.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 2 931 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 89,5% құрады.

Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 447,4 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі  78,2% құрап отыр.

Резеңке және пластмасс бұйымдары  өндірісінде  211,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен               2,0 есеге орындалып отыр.

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде  4 935,4  млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 121,6%  құрап отыр.

Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру  (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 2 023,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп  немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 121,7% орындалып отыр. 

 

 

Туризмді дамыту

Қызылорда қаласында туризмді дамытудың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті туристік индустрияға жағдай жасау және экономиканың табысы мол секторына айналдыру.

Туризм индустриясының негізі – қонақ үйлер, әр түрлі заманауи транспорт түрлері, телекоммуникация және шетелдік туристерге жоғары дәрежелі қызмет көрсету инфрақұрылымы  болып табылады.

Қала бойынша туристік қызметті қамтамасыз ету бойынша  8 турагенттік орналастыруды ұйымдастыру қызметімен айналысады.          

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея