Өнеркәсіп және туризм
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 20 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Өнеркәсіп және туризм

Енгізілді: 12.03.2014Өзгертілді: 04.01.2019

Өнеркәсіп

 

Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі  2018 жылдың қаңтар-қараша  айында 726 632,5 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 93,8% құрады.  Облыс бойынша өндірілген өнімнің 85,5% Қызылорда қаласының үлесінде.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 662 057,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 94,8%-ды құрады. Оның ішінде 619 696,7 млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 94,1% құрады. Есепті кезеңде 5877,4 мың тонна мұнай өндірілген немесе 94,1%.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 34 057 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 97,4% құрады. Оның ішінде:

Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша  327,2 млн. теңгенің  өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 72,9%. Оның ішінде, киім өндіру  77,1 млн. теңгені  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  88,0% құрады, тоқыма бұйымдарын өндіру 250  теңгені немесе 63,9% орындалды.

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 6 302,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 99,3% құрады.

Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 1 139 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі  99,3% құрап отыр.

Резеңке және пластмасс бұйымдары  өндірісінде  435 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен               98,0% орындалып отыр.

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде  8 038  млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 104,0%  құрап отыр.

Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру  (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 5 826,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп  немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 87,8% орындалып отыр. 

 

Туризмді дамыту

 

Қызылорда қаласында туризмді дамытудың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті туристік индустрияға жағдай жасау және экономиканың табысы мол секторына айналдыру.

Туризм индустриясының негізі – қонақ үйлер, әр түрлі заманауи транспорт түрлері, телекоммуникация және шетелдік туристерге жоғары дәрежелі қызмет көрсету инфрақұрылымы  болып табылады.

Қала бойынша туристік қызметті қамтамасыз ету бойынша    1 туроператор, 8 турагенттік орналастыруды ұйымдастыру қызметімен айналысады.         

2018 жылдың қаңтар – қыркүйек айларындағы облыстық статистикалық департаментінің мәліметіне сәйкес, келушілерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны – 49 бірлік  Көрсетілген қызмет көлемі 517 994, 1 мың теңгені құрады.

2018 жылдың қаңтарқыркүйекаралығында Қызылорда қаласына келген туристер саны 30676 адам. Оның ішінде 29295 адам резиденттер резидент еместер саны 1381 құрады.

 

 

 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея