Өнеркәсіп және туризм
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 18 шілде 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам

Өнеркәсіп және туризм

Енгізілді: 12.03.2014Өзгертілді: 02.07.2019

Өнеркәсіп 

 

Қала экономикасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы тамақ өнеркәсібі, машина жасау, мұнай өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және жеңіл өнеркәсіптері есебінен қалыптасқан.

 

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 2019 жылдың қаңтар-мамыр  айында 313 780,7 млн. теңгеге орындалып, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 92,9% құрады.  Облыс бойынша өндірілген өнімнің 83,8% Қызылорда қаласының үлесінде.

 

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда 282 626,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 92,9%-ды құрады. Оның ішінде 266 122,2  млн. теңгенің шикі мұнай өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 91,4% құрады. Есепті кезеңде 2 432,4 мың тонна мұнай өндірілген немесе 91,4%.

 

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 15 032,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 102,5% құрады. Оның ішінде:

 

Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша  212,7 млн. теңгенің  өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 3,6 есеге орындалды. Оның ішінде, киім өндіру  109,2 млн. теңгені  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  3,9 есеге, тоқыма бұйымдарын өндіру 103,5 млн.теңгені немесе 3,3 есені құрап отыр.

 

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру саласында 3 121,1 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 79,9% құрады.

 

Химиялық өнеркәсіп өнімдері саласында 484,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі  95,7% құрап отыр.

 

Резеңке және пластмасс бұйымдары  өндірісінде  361,4 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен               2,9 есеге орындалып отыр.

 

Машина жасау, жөндеу және орнату саласында есепті кезеңде  3 327,3  млн.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 93,5%  құрап отыр.

 

Есепті мерзімде өзге металл емес минералдық өнімдерін өндіру  (кірпіш, тауарлы бетон және темір бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар)  саласы бойынша 2 171 млн. теңгенің өнімі өндіріліп  немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 103,5%  орындалып отыр. 

 

 

 

 Туризмді дамыту

Қызылорда қаласында туризмді дамытудың негізгі мақсаты – бәсекеге қабілетті туристік индустрияға жағдай жасау және экономиканың табысы мол секторына айналдыру.

Туризм индустриясының негізі – қонақ үйлер, әр түрлі заманауи транспорт түрлері, телекоммуникация, шетелдік туристерге жоғары дәрежелі қызмет көрсету инфрақұрылымы  болып табылады.

 Қызылорда қаласы бойынша туристік қызметті қамтамасыз ету бойынша 1 туроператор, 10 турагенттік орналастыруды ұйымдастыру қызметімен айналысады. 

2019 жылдың қаңтар-наурызайларындағы облыстық статистикалық департаментінің мәліметіне сәйкес, келушілерді орналастырумен шұғылданатын объектілердің саны - 59 бірлік (2018-46), онда орналастыру орындары 833 нөмірге есептелген. (2018-687 нөмір), олардың біржолғы сыйымдылығы 1409 төсек-орынды қамтиды (2018 жылы-1142). Көрсетілген қызмет көлемі 199 304 мың теңгені құрады (өткен жылы  144 091,4 мың.теңге 138,3%).

2019 жылдың қаңтар-наурызаралығында Қызылорда қаласына келген туристер саны 14153 адамды (өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен  салыстырғанда 8236 адам 171,8% құрады.

Оның ішінде 13277 адам резиденттер (2018 жыл 7684 адам 172,7,% болса, резидент еместер саны 876 өткен жылы 552 (158,6%).

 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі сервистік қызмет көрсету кешендері жөнінде 

 

Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистраль жолы бойында орналасқан қызмет орындарының қала үлесіндегі саны 10 жобаны құрайды.

Қазіргі таңда қала аумағында 6 жоба іске қосылған.   Іске асырылған жобалар;

1. «Sinooil» ЖШС нің 1803 шақырым «Д» санаты

2. «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС, 1806 шақырым «Д» санаты

3. ЖК «Сейтжаппарова», 1829 шақырым «В» санаты

          «Амангелді»кешені.

4. ЖК «Нұрымбетов» 1835 шақырым «С» «Жібек жолы»,«Д» санаты       

«Ислам»

5. ЖК «Гейдарова» 1803 шақырым «С» санаты «Қызыл-Орда» кешені.

6. ЖК «Жауынбаев» 1808 шақырым «В» санаты «Жібек жолы» кешені.

Қалған 4 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея