Дін
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Дін

Енгізілді: 11.03.2014Өзгертілді: 13.04.2017

Діни тұрақтылықты сақтау бағытында атқарылған жұмыстар туралы

Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша діни ахуал тұрақты сипатта.

Қазіргі уақытта қала бойынша Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты ислам бағытында 18 діни филиалы (мешіт) және 9 өзге діни бірлестік жұмыс жасауда.

Қала бойынша дінге қатысты сұрақтарға жауап беретін 16 мүшеден тұратын ақпараттық-түсіндірме топ жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылы (қаңтар, ақпан, наурыз айлары) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 72 кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараларға 3200 адам тартылды. Жыл басынан бері БАҚ беттерінде ақпараттық-түсіндірме бағытында 32 материал жарияланды. Сондай-ақ, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-мен бірлесіп адамдардар көп шоғырланатын орындарда «Жат ағымға жол жоқ!» атты акциясы ай сайын тұрақты ұйымдастырылуда.

2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қызылорда қаласында жастар арасында жат діни ағымның алдын алу бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 1 200 000 теңге қаржы бөлінсе, «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына 1 627 000 теңге қарастырылған.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталды. Жоба аясында республикаға белгілі, жоғары білікті теолог мамандарды тарта отырып, ақпараттық түсіндірмелік бағыттағы шаралар (семинар, дөңгелек үстелдер, кездесулер) ұйымдастырылатын болады.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER