Жастар саясаты
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 қараша 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Жастар саясаты

Енгізілді: 11.03.2014Өзгертілді: 02.10.2019

Мемлекеттік жастар саясат саласындағы атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат

 Статистикалық мәліметтер:

Жалпы, Статистикалық мәліметке сәйкес қала халқының 67 мың 583-ін 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Бұл жалпы халықтың 21,9% пайызын құрайды.

(Оның ішінде ерлер 34 210, әйелдер 33 373, қала жастары 60 518, ауыл жастары 7 065 құрап отыр).

15 пен 28 жас аралығындағы жұмыс күшінің саны 35 602-ні құрап отыр

Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында 28 мың 974 студент жастар білім алуда.

(жоғарғы оқу орны 11 498 жас, арнаулы оқу орнында 17 476 жас)

Қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде қалалық бюджеттен 36 142 000 теңге көлемінде қаржы бөлініп, жастар саясаты саласы бойынша 2019 жылға 12 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда:

«Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 300 000 тг.);

«Жұмыссыз жастарды оқыту курстарын ұйымдастыру және инновациялық идеяларды дамыту» әлеуметтік қызметі (1 800 000 тг.);

"Шығармашыл жастарды қолдау" әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Студенттік көктем-2019 көркемөнерпаздар байқау» әлеуметтік қызметі         (1 200 000 тг.);

 «Жастар жылына орай мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 800 000 тг.);

«Қала жастары арасында жайдарман (Қазақша КВН) сайыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау» әлеуметтік қызметі (1 642 000 тг.);

«Әлеуметтік желілерді қолданушы жастар арасында «Желі психологиясы» тақырыбындағы Қызылорда интернет форумы» (KIF) әлеуметтік қызметі (1 900 000 тг.);

«Қызылорда қаласының шет аймақтарындағы тұрмысы төмен отбасыларының жастарына арналған аула клуб жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (1 700 000 тг.);

«Математика саласында жетістікке жеткен жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі (10 000 000 тг.);

«Қала жастары арасында қазақша көңілді тапқырлар алаңы ойындарын дамыту» әлеуметтік жобасы (4 000 000тг.);

Қызылорда қаласында «Ашық аспан астында» жастар фестивалін ұйымдастыру әлеуметтік қызметі (7 000 000тг.).

«Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметінің жеңімпазы «Қызылорда Мото қауымдастығы» қоғамдық қоры. Жоба аясында бекітілген жоспарға сәйкес қаладағы жас отбасылар базасы жасақталып, «Отбасы байлығы» тақырыбында «Whatsаpp», фейсбук және инстаграм әлеуметтік желісінен мессенджер қызметі жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 21 тамыз күні қалалық жастар ресурстық орталығының ғимаратында «Толағай» жас отбасылар сайысы өткізілді. Жалпы сайысқа 5 жас отбасы қатысып, оның үшеуі жүлделі орындармен, қалған екеуі ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

«Математика саласында жетістікке жеткен жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметінің жеңімпазы «Ұшқыр жебе» қоғамдық қоры. Жоба аясында Халықаралық деңгейдегі және республиканың түкпір – түкпірінен келген жас математиктердің қатысуымен академик  А Жұмаділдаев атындағы олипиада өткізілді. Сонымен қатар, академик, профессорлардың арнайы жас математиктерге арналған семинар оқыту тренингтері өткізілді. Шараға республикадан және көрші мемлекеттерден 140-тан астам жастар қатысты.

«Қала жастары арасында жайдарман (қазақша КВН) сайыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметінің жеңімпазы «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ. Қызылорда қаласының намысын қорғап жүрген «Қызылорда құрамасы» жайдарман командасының республикалық телевизиялық «Жоғары лига» жайдарман сайысына 2 мәрте қатыстырылды. Сонымен қатар, қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі жастардың арасында 7 мәрте квн ойындары өткізілді.

«Шығармашыл жастарды қолдау» әлеуметтік қызметінің жеңімпазы «Азаматтардың бастамаларын қолдау қоры» қоғамдық қоры. Жоба аясында Қызылорда қаласындағы жас ақындар базасы жасақталды.   Сондай-ақ, жас ақындар мен жас композиторлардың «Қызылорда жастарының әні» байқауына конкурс өткізіліп, конкурстың жеңімпазы қаржылай сыйлықпен марапатталды.

 «Жұмыссыз жастарды оқыту курстарын ұйымдастыру және инновациялық идеяларды дамыту» әлеуметтік қызметінің жеңімпазы «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры. Жоба аясында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау мақсатында мамыр айының  2-17, қыркүйек айының 16-30 күндері аралығында қала мектептерінде мектеп бітіруші түлектермен 50 кездесу ұйымдастырылды. Жалпы 3000-ға жуық түлек қамтылды.

Сонымен қатар мамыр-шілде айларында жұмыссыз жастарға «Аспазшы», «Электрик», «Электр дәнекерлеуші», «Сату және сатып алу менеджері» мамандықтары бойынша 72 сағаттық қысқа мерзімді оқыту курсы өткізілді. Жалпы әр оқыту курсына 10 жастан 40 жас қамтылды.

2019 жылдың шілде-тамыз айларында қаланың шет аймақтарында және қаладағы халық көп шоғырланған сауда саттық орындарында көшпелі бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және жастар арасында өзекті деп танылған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарының қатысуымен көшпелі кеңес беру шаралары өткізілді.

2019 жылдың қыркүйек айында жұмыссыз жастарды қайта даярлау және кәсіби біліктіліктерін арттыру бағытында «Шаштараз» мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқыту курсын ұйымдастыру жоспарлануда.

«Әлеуметтік желілерді қолданушы жастар арасында «Желі психологиясы» тақырыбындағы Қызылорда интернет форумы (KIF)» әлеуметтік қызметінің жеңімпазы «Прогресс» Қызылорда облысының жастар қоғамдық бірлестігі. Жоба аясында «www.Qorda.kz» сайтының жұмысын үйлестіруде.

«Қызылорда қаласының шет аймақтарындағы тұрмысы төмен отбасыларының жастарына арналған аула клуб жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметінің «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры. Жобаның мақсаты – шет аймақтардағы жастарды қамти отырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

2019 жылғы тамыз айының 27-30 күндері аралығында «Титов» қыстағы, КБИ, СПМК, Бәйтерек мөлтек аудандарындағы жастар арасында таңғы жаттығу жасалып және аула ойындары, волейбол, асық ату және т.б. ойындар ұйымдастырылды.

2019 жылдың қыркүйек айында қалалық жастар ресурстық орталығында аула клубтар арасында сайыс ұйымдастырылып, сайысқа 60-қа жуық жастар мен жасөспірімдер қамтылды.

2019 жылдың қыркүйек-қазан айларында қаладағы көбқабатты үйлердің аулаларында таңғы жаттығулар ұйымдастырылуда.

Қызылорда қаласында «Ашық аспан астында» жастар фестивалін ұйымдастыру әлеуметтік қызметінің жеңімпазы «Қызық Орда» қоғамдық бірлестігі. Жоба аясында 2019 жылдың 11 қыркүйегінде Достық Үйінің алдында «Ашық аспан астында» жастар фестивалі республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Фестивалді Қазақстанға танымал әзіл-сықақшы     Т. Қабатов жүргізіп, Қазақстанның барлық өңірлерінен жалпы 12 команда қатыстырылды. Шара соңында жеңімпаз командалар қала әкімінің қаржылай сыйлығымен марапатталды.                         

Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея