Жастар саясаты
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 26 наурыз 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қоғам » Ішкі саясат

Жастар саясаты

Енгізілді: 11.03.2014Өзгертілді: 04.01.2019

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамытуға байланысты атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер

 

Қызылорда қаласында статистикалық мәліметтерге сәйкес  300 мың 486 халық болса, оның 67 мың 349-ы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды құрайды.

Бұл жалпы халықтың 22,4% құрайды.

(Оның ішінде ерлер 34 026, әйелдер 33 323, қала жастары 60 874, ауыл жастары 6 475 құрап отыр).

Мұнан бөлек, қала орталығындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына 27 мың 467 студент жастар білім алуда.

(жоғарғы оқу орны 9 973 жас, арнаулы оқу орнында 17 494 жас)

Оның ішінде қала жастары 13 мың 952, аудандар мен өзге облыстардан келген жастар саны 13 мың 515-і құрайды.

Жастар арасында шаралар ұйымдастыру бойынша ішкі саясат бөлімі тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 8 лот жарияланып жастар ұйымдары арқылы тиісті шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, «Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау» әлеуметтік қызметі, «Қызылорда қаласының                           200 жылдығына орай және жұмыссыз «NEET» санатындағы жастар арасында көпшілік мәдени – спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Өнер фестивалі-2018» өнер фестивалін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Қала жастары арасында жайдарман (қазақша КВН) сайыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Математика саласында үздік жетістік көрсеткен жастарға арналған сыйлық үшін байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлануына ықпал ететін ақпараттық қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі, «Әлеуметтік желілерді қолданушы жастар арасында «Желі психологиясы» тақырыбындағы Қызылорда интернет форумы» (KIF) әлеуметтік қызметі, «Жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, психологиялық кеңестер беру жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі.

Сонымен қатар, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі тарапынан жыл басынан бері:

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын кеңінен насихаттау  бағытында – 10 кездесу өткізілді. Кездесу нәтижесінде               42 жұмыссыз жас қайта даярлау курстарынан өтуге өтінім білдірсе, осы аталмыш жастардың өтініштеріне сәйкес қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан жүзеге асырылып отырған «Еңбек биржасы» жобасы аясында («Сату және сатып алу бойынша менеджер», «Электр дәнекерлеуші», «Электрик», «Аспазшы», «Шаштаразшы») қайта даярлау курстарынан өткізілсе, кездесу барысында кеңес алуға келген 3 жастың құжаттары «Дипломмен ауылға» бағдарламасына жолданды.

Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қалаға қарасты 2 кент орталығы мен 7 ауылдық округтерде арнайы сала мамандарының қатысумен кездесулер ұйымдастырылса, қала орталығындағы 4 көшпелі кеңес беру жұмыстары барысында арнайы сала мамандары қатыстырылды.

Сонымен қатар, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен Zhas Project жобасын насихаттау мақсатында 15 кездесу жұмыстары, 2 мезгіл мәселесі және жергілікті БАҚ беттерінде 3 мақала жарық көрді. Ақпараттандыру нәтижесінде Қызылорда қаласы бойынша жастар бастамасымен 91 жоба іріктелініп жеңімпаз атанды.

Орталық тарапынан жыл басынан бері:

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын кеңінен насихаттау  бағытында – 10 кездесу;

Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын – алу бағытында – 9 түнгі рейд;

Жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық, тәртіпсіздік, ерте жүктілік, жат діни ағымдардан сақтау бойынша жастармен түрлі бағыттардағы жоғары сынып оқушылары арасында – 14 кездесу;

Жұмыссыз, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бағытында түрлі бағыттағы спорттық (үстел теннисі, футбол, т.б) – 17 шара;

Жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында халық көп шоғырланған орындарда – 6 көшпелі кеңес беру жұмыстары;

 «Жүрек жылуы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты аналардың үйлері мен аулаларында ерікті жастардың қатысуымен – 4 қайырымдылық шара;

Жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру мақсатында – 10 кездесу;

«Таза қала – таза аула» тақырыбында ерікті жастардың қатысуымен қала аумағында – 2 рет тал егу және 10 тазалық акциялары;

Мектеп бітіруші түлектермен қоғамда сұраныс туып отырған мамандықтарды таңдау бойынша – 19 кездесу;

Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай кент және ауылдық округтердегі жастар арасында – 9 жайдарман (қазақша КВН) және ЖОО мен ОАОО студенттері, мектеп оқушылары және кент, ауылдық округтердегі жастар арасында шығармашыл жастарды қолдау бағытында – 8 облыстық, қалалық жайдарман сайыстары;

Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен Zhas Project жобасын насихаттау мақсатында - 15 кездесу жұмыстары;

1 наурыз – Алғыс айту күні және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай – 3 мерекелік жастар акциясы;

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай – 1 мерекелік концерт;

15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күніне орай – 1 мерекелік концерт;

1 мамыр – Қазақстан Республикасының Бірлігі күніне орай – 1 жастар шеруі және 1 мото шеру;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушылары арасында – 1 әскери патриоттық сайыс;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай – 1 жастар акциясы;

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған – 1 мерекелік концерт;

25 мамыр – мектеп бітіруші түлектерге арналған «Жас түлек – 2018» атты сыр өнерпаздарының – 1 мерекелік концерті;

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай – 2 қайырымдылық шара;

Жас отбасылар арасында сала мамандарының қатысуымен – 9 кездесу;

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай - 1 мерекелік шара және 1 мотошеру;

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай – 1 фестиваль;

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай – 1 жастар шарасы;

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай – 1 жастар акциясы;

Қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын және математика саласының үздіктеріне арналған профессор  А.Жұмаділдаев атындағы сыйлығын марапаттау шарасы ұйымдастырылды.

Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекесіне орай қала жастарының қатысуымен түрлі бағытта  12  көпшілік – мәдени және мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда жыл басынан бастап қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ–сі тарапынан 200-ден астам шара ұйымдастырылып,   25 000–нан астам жас қамтылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласында «Жастар жылын» атап өту бойынша қалалық жастар орталығы тарапынан атаулы, мерекелік күндермен қатар жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылық, тәртіпсіздік, ерте жүктілік, жат діни ағымдардан сақтау бойынша және жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыз жастарды қайта даярлау бойынша арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесулер өткізу сонымен қатар, орталық жанынан құрылған «Жүрек жылуы», «Еріктілер», «Біз спортты таңдаймыз!» жобалары арқылы түрлі бағыттағы мәдени – көпшілік шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея