Жолдауды іске асыру
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Билік » Мемлекеттік қызметтің имиджі » Жолдау

Жолдауды іске асыру

Енгізілді: 11.03.2014Өзгертілді: 13.04.2017

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын тұрғындарға насихаттау мақсатында 1-26 ақпан аралығына арналған 319 шараны қамтитын қалалық желілік кесте бекітіліп, қала, кент және ауылдық округ тұрғындарын қамти отырып, тиісті шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Жолдауды ақпараттық сүйемелдеуге арналған қалалық  Медиа-жоспар бекітілді. Барлық мекемелерге таратылып, тиісті шаралар атқарылуда.

Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілуде.

Елбасы Жолдауын талқылау мақсатында 2017 жылғы 2 ақпанда қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қала активінің отырысы өткізілді. Қала әкімі төрағалығымен өткен актив отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары М.Мұхамедов пен Б.Еламанов қатысты.

Шара барысында Елбасы айқындап берген қадамдар бойынша тиісті сала мамандары хабарлама жасап, Жолдаудан туындайтын міндеттердің орындалуына бірлесе атсалысуға шақырды.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында аталған тақырыпта 70 мақала жарияланып, 41 сюжет көрсетілді. 25 спикерлердің пікірлері берілді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын республикалық әлеуметтік желілер арқылы насихаттау бағытында «Интернет ресурс арқылы Елбасы Жолдауы аясында мемлекеттік бағдарламалардың Қызылорда қаласында жүзеге асырылуы барысын мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттандыру» жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жоба қаржысы толық шешілді. ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Сондай-ақ, қала орталығындағы көшелерде орналасқан тұғырнамаларға 7 көрнекі ақпараттық-насихаттық құралдары (билборд) ілінді. Кент және ауылдық округ көшелерінде аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 9 көрнекі құралдары ілінді.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER