Тарихи-мәдени ескерткіштер
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 24 ақпан 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Бос уақыт

Тарихи-мәдени ескерткіштер

Енгізілді: 06.03.2014Өзгертілді: 27.01.2017

Қызылорда қаласы тарихи-мәдени ескерткіштері жайлы  

Бүгінгі күні қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 69 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Олардың 4-еуі республикалық  маңызды ескерткіштер болса, 30-ы жергілікті маңызы бар ескерткіш және 35-і алдын-ала есепке алынған ескерткіштер тізімінде. 

2011 жылы Қызылорда қаласында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші «Айтбай» мешітіне (1878 ж) қайта жаңғырту жұмыстары басталып, биылғы жылы толығымен аяқталды, және де үстіміздегі жылы (Қ. Мұхамеджанов, Ә. Тәжібаев, З. Шүкіровтың) «Жазушылар композициясы» мен Қорқыт Ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіштеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

«Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасына сәйкес, Қызылорда облысының 70 жылдығы мен Қызылорда қаласының 190 жылдығына орай даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрге арнап, биылғы жылы Бұқарбай батырдың   200 жылдық мерейтойы аясындаескерткіштер орнатылды. Бұл ескерткіштерді орналастыру жөнінде құжаттар Мәдениет комитетіндегі ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияда бекітілді.

Қызылорда қаласында орналасқан «Облыстық тұтынушылар одағы Үйі» ғимараты  алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімінде. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес конкурс жарияланды. Нәтижесінде «K-GROUP LTD» мекемесі тарихи мәдени ескерткішке күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыруда, қаржысы  «K-GROUP LTD» мекемесінің міндетіне жүктелген.

Бөлім тарапынан үстіміздегі жылы Қызылорда облысы әкімінің  2010 жылғы 18 мамырдағы №776 қаулысына сәйкес қалада орналасқан 4 республикалық  маңызды ескерткішке және 30 жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерге қорғау міндеттемелері рәсімделсе, 2011 жылдың 3 маусымындағы облыстық коммиссияның хаттамасы негізінде алдын-ала бекітілген 35 ескерткішке қорғау міндеттемесі рәсімделді.

Елбасының тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының аймақтық бағдарламасын жасау, бағдарламаны қаржыландыру жұмыстарын облыстық мәдениет басқармасы жүзеге асырады.              

2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен республикалық маңызы бар ескерткіш – Ы.Жахаевқа және жергілікті маңызы бар «Теміржолшылар клубы үйі», «Теміржол милиция үйі», «Облыстық тарихи өлкетану мұражайы» ескерткіштеріне қорғау тақтасы орнатылды.

 2012 жылы Сыр Ана, Сыр Сүлейлері, Абай аллеялары және қазақ халқының даңқты қолбасшысы Бұхарбай Естекбайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған ескерткіш бой көтеріп, жас ұрпақтың мәдени-рухани дамуына үлес қосты. Сонымен қатар, Тасбөгет кентінде «Арна-Қызылордамелиорация» ЖШС ауласына Қазақстанның еңбек сіңірген гидротехнигі, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ержігіт Бозғұлов бюстін орнату жөнінде «облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия» отырысында қаралып, Мәдениет министрлігіне ұсынылып келісім алынған болса, қала орталығына жаңадан бой көтергелі тұрған Қазыбек, Әйтеке және Төле билердің ескерткішін орнату жөнінде құжаттары жинақталып облыстық комиссияға жолданды.   

Көрікті орындар

 

Ақмешіт мешіті

Орталық мешіт  2008 жылдың 30 кыркүйек күні  Ораза айттың бірінші күні Қызылорда қаласында Сырдария мөлтек ауданында  ашылған. Авторы сәулетші Қазбек Жарылғапұлы. Ғимараттың жалпы ауданы 3363 шаршы метр. Мешітте бір мезгілде 1300 адам намаз  оқи алады. Мешіт ақ мәрмәрдан салынып, 3 күмбезбен көмкерілген. 

 

 

 Айтбай мешіті

Айтбай мешіті Қызылорда қаласында орналасқан сәулет өнері ескерткіші. 1878 жылы Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген. Республикалық маңызы бар, қорғау аймағы белгіленген архитектуралық ескерткіш.

 

 Қаналы әулие мешіті ХІХ ғасыр/ Абай ауылы/

Ескерткіш Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің жағасында, ойшыл,  пәлсапашы, ақын және сазгер Қорқыт бабаға арналып тұрғызылған. Ескерткіш өзінің көлемдік – кеңістіктік жобалауы жағынан монументальдық пішінімен ерекшеленеді. Авторы – Жаркен Исмағұлов. Биіктігі – 12 м. Биік етіп көтерілген тұғырға орнатылған үш қырлы бөлік ішкі ойығы арқылы  қобыз бейнесін көрсетеді. Ортасында желмаяға мінген Қорқыт Ата қобызымен бейнеленген.

 

 

Қорқыт Ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіш-кешені

Ескерткіш Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің жағасында, ойшыл,  пәлсапашы, ақын және сазгер Қорқыт бабаға арналып тұрғызылған. Ескерткіш өзінің көлемдік – кеңістіктік жобалауы жағынан монументальдық пішінімен ерекшеленеді. Авторы – Жаркен Исмағұлов. Биіктігі – 12 м. Биік етіп көтерілген тұғырға орнатылған үш қырлы бөлік ішкі ойығы арқылы  қобыз бейнесін көрсетеді. Ортасында желмаяға мінген Қорқыт Ата қобызымен бейнеленген.

 

Құдай Анасы иконасының Әулие-Казаньдық шіркеуі

Шіркеу Перовск қаласында 1855 жылдың 15 қазанында ашылған, қала орталығында орналасқан. Биіктігі 18 м, қабырғасы 17 метрден қиылған бұрыштары бар, күйдірілген кірпіштен қаланған. Ішкі бөлмесі крест сияқты бөлінген екі жарықты күмбезделіп жабылған, ғимараттың алдыңғы жағында шіркеу мұнарасы салынған. Қас беті өрнекті қышпен өрілген. 250-300 –ге дейін келушілерге арналған.

 

«Сыр-Ана» манументі

Сырдың тарихи ерекшеліктерін ашатындай, Сыр ананың мазмұнын қамтитындай бұл ескерткіштің биіктігі 39 метрді  құрайды. «Сыр-Ана» стелласы сеукеле тәріздес болып келіп, Сыр ананың бейнесі беріледі. Ескерткіштің сәулеттік пішіні биіктеген сайын өз діңгегіне айнала оралып, қазақ әйелінің сұлулығын паш ететін әйел мүсінін сомдайды. Сыр өңірінің ерекшеліктерін айқындайтын бұл ешеннің басына сәукеле киген, мың бұралған қыпша бел нәзік жанның тұлғасы бейнеленген.

 

Cыр Сүлейлері аллеясы

Қазақылық қаймағы бұзылмаған Сыр өңірде «Сыр сүлейлері» аллеясы ашылды.  Аллеяның қақ ортасында ескерткіш бой көтерген. Онда қобыз бен домбыра бей­несіне қосақталған қалам мен найза орнатылған. Ал жыраулар сол баһадүр жандардың жігерін жанып, қайратына қайрат қосып, елдің тыныштығы мен бірлігін сақтауға күш салды. Ескерткіштің қос қанатында Сыр елі мен оның бойындағы тарихи астаналар жайлы жазылған. Күй атасы – Қорқыт пен қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары туралы, «жыршы», «сүлей» ұғымдарына түсінік беріл­ген. Ескерткіштің авторлары – Аманкелді Кененбаев, Мұрат Сыдықов және Сейіт Мәкібаев. Аллеяны аралап шықсаңыз, Сыр өнері мен мәдениеті жайында толық мағлұмат алуға болады. 

 

Жалаңтөс баһадүр ескерткіші

Қаламызда 2010 жылы қазақ халқының мақтанышы, Тұран топырағының даңқты презенті Жалаңтөс Баһадүр есімін ұрпақ жадында мәңгі есте қалдыру, өнегесін ұрпақтарға ұлағат ету мақсатында Жібек Жолы көшесінде батырға ескерткіш орнатылды. Биіктігі 11 метрді құрайды. Ескерткіштің авторы елімізге кеңінен танымал мүсінші – Нұрлан Далбай. 

 

 

 

 Бұхарбай Естекбайұлының ескерткіші

Қаламызда 2012 жылы Шұғыла мөлтек ауданынан  қазақ халқының даңқты қолбасшысы Бұхарбай  Естекбайұлының  200 жылдық мерейтойына орай ескерткіш орнатылды. Авторы: Ж. Исмагулов.

 

Қалалық мәдени-демалыс паркі

1998 жылы жекеге сатылып,  2009 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған. Қазіргі таңда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меншігіне қарасты. Жалпы жер аумағы 17 га. 

 

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER