Даму бағдарламасы
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 29 наурыз 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Экономика

Даму бағдарламасы

Енгізілді: 03.03.2014Өзгертілді: 17.02.2017

Қызылорда қаласының 2011-2016 жылдарға арналған даму бағдарламасы 

 БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ   

Бағдарлама атауы

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда қаласының аумақты дамыту бағдарламасы

Оны дайындауға негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы №931 Жарлығы

Өңірдің негізгі сипаттамасы

Қызылорда қаласы 2,4 мың шаршы км жалпы көлемімен, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік орталығы, облыстың бүкіл аумағының 1,1% құрайды. Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент және 7 ауылдық округтері кіреді.

2015 жылғы 1 қаңтарға халықтың саны 268,9 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 112 адамнан келеді.

Бағыттары

1. Экономика

2. Әлеуметтік сала

3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

4. Инфрақұрылым

5. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы

6. Экология және жер ресурстары

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мақсаттары

Қала экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

Экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілетті өнімді өндіретін өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

Агроөнеркәсіптік кешенінің экспорттық әлеуетін және өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;

Кәсіпкерлік пен сауданың серпінді дамуын қамтамасыз ету;

Тұрақты өңіраралық экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыру;

Технологиялық инновацияны дамытуға және экономиканың басым секторларына инвестиция тартуды ынталандыру;

Сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету, жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер мен жағдай қалыптастыру;

Қала халқына медициналық көмек көрсетудің сапасын және қол жетімділігін арттыру;

Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

Тарихи-мәдени құндылықтарға қол жеткізу және шығармашылықты іске асыру үшін жағдай жасау;

Бұқаралық спортты дамыту;

Өңірдің туристік-рекреациялық әлеуетін пайдалану;

Мемлекеттік тілді және үш тілдің біртұтастығын дамыту;

Қала аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстылыққа қарсы әрекет ету;

Халықты қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен байланысты дамыту;

Құрылыс саласын және қала халқының тұрғын үйге қол жетімділігін дамыту;

Қала тұрғындарын сапалы көлік қызметімен қамтамасыз ету;

Тұтынушыларды қолжетімді, сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету;

Экологиялық ахуалды тұрақтандыру және жақсарту, жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету.

 

2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда қаласының даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шара жоспары   Жүктеу... 37,3 Кб 

 Қызылорда қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының  толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көшіре аласыз:  Көшіру 885 Кб...

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER