Әлеуметтік-экономикалық даму
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 21 шілде 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Экономика

Әлеуметтік-экономикалық даму

Енгізілді: 03.03.2014Өзгертілді: 16.07.2018

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2018 жылғы 1 шілдесіне қорытындылары туралы

АҚПАРАТ

 

Облыстық статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес Қызылорда қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 313 603,0 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 94,8 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде өнімнің көлемі 282 344,6 млн. теңгені құрап, есепті мерзімде 2 663,7 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,1 % және 452,4 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 89,9 % құрады.

 Өңдеуші өнеркәсіп саласында 16 125,3 млн. теңге өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 8,0 пайыз өсім қамтамасыз етілді. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 5,1 пайызы. Есепті мерзімде резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 2,0 есеге, тамақ өнімдерін өндіру 18,9 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 5,0 пайызға, машина жасау саласы 21,6 пайызға артты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі
2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 861,6 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 5,7 пайызға артты.

Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 845,6 тонна ет (тірідей салмақпен), 1 621,6 тонна сүт, 124,1 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 110,8 пайызды, сүт өндіру 100,6 пайызды, жұмыртқа өндіру 100,6 пайызды құрады.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27 771,3 млн. теңге, болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 90,8 пайызды құрады. Облыстағы үлесі 42,0  пайыз.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 107 602 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 56,0 пайызды құрады.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 7 682,1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен
71,5 пайызды құрады. Облыста атқарған құрылыс жұмыстарының
42,3 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Қала бюджетінің 2018 жылдың 1 маусымына кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 18 398,4 млн. теңгені құрап, 18 889,6 млн. теңгеге немесе 102,7 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 6 370,3 млн. теңгенің орнына 6 854,6 млн. теңгеге немесе 107,6 пайызға орындалды. Қала бюджетінің шығыстар жоспары 19 316,1 млн. теңге болса, ол 18 721,8 млн. теңгеге немесе 96,9 пайызға орындалды.

Шағын кәсіпкерлік саласында 2018 жылдың 1 шілдесіне қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26 212 бірлікті құрады, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 19 603 бірлік. Кәсіпкерлердің жалпы санынан жеке кәсіпкерлер – 19 925 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 15 367 бірлік, заңды тұлғалар – 5 502 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 3 534 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары – 785 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 702 бірлік.

2018 жылдың 1 шілдесіне кәсіпкерлік саласында 757 тұрақты жұмыс орны ашылды, оның ішінде ауылшаруашылығы бойынша – 60, сауда саласы – 217, өнеркәсіп саласы – 38, білім және денсаулық – 198, басқада қызмет түрлері бойынша – 244 жұмыс орындары ашылды.

Индустриялық – инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 51,0 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 6 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1125 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Бөлшек сауда көлемі 91 679,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,6 пайызды құрады. Облыстағы үлесі 86,8 %.

2018 жылдың 1 шілдесіне алдын ала деректерге сәйкес халық саны 297,2 мың адамды құрап, өсу қарқыны 105,8 %. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 123,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 % құрайды.

2018 жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 2890 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2,3 %.

Жыл басынан 3020 жаңа жұмыс орны ашылды, 2088 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1009 адам – қоғамдық жұмысқа тартылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жыл басынан бері
98 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, жастар тәжірибесіне
235 жас маман жолданды.

Қала бойынша 2018 жылдың қаңтар – шілдесіне бір қызметкердің айлық атаулы жалақысы 136 307 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 106,7 %.

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея