Әлеуметтік-экономикалық даму
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 22 ақпан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Экономика

Әлеуметтік-экономикалық даму

Енгізілді: 03.03.2014Өзгертілді: 08.01.2019

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 

2018 жылдың қорытындылары туралы 

АҚПАРАТ

 

2018 жылғы қаңтар-қараша айларында өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 726 632,6 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 93,8 пайызды құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 662 057,9 млн. теңгені құрап, есепті мерзімде 5 877,4 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  94,1 пайызды және 953,7 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 90,5 пайызды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында 34 047,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 97,4 пайызды құрады. Оның ішінде машина жасау саласы 4,3 пайызға артып, тамақ өнімдерін өндіру 96,8 пайызды, жеңіл өнеркәсіп 72,9 пайызды, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 99,3 пайызды, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 99,3 пайызды, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 98,0 пайызды құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 27 263,1 млн. теңгені құрап, есепті мерзімде 1 379,1 млн. квт сағ электр энергиясы және 523,8 мың гкал жылу энергиясы өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен тисінше 109,1 пайызды және 105,3 пайызды құрады.

Сумен жабдықтау саласында 16 561,3 мың текше метр табиғи су өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 105,7 пайызды құрады.

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 6 246,6 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 103,6 пайызды құрады.

Шаруашылықтың барлық санаттары бойынша 1 810,2 тонна ет (тірідей салмақпен),  4 466,0 тонна сүт, 617,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет өндіру 108,9 пайызды, сүт өндіру 100,3 пайызды, жұмыртқа өндіру 100,5 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 113 943,0 млн.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 121,8 пайызды құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 24 923,0млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 78,6 пайызды құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 401 978 шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 102,4 пайызды құрады.

Қала бюджетінің 2018 жылдың 1 желтоқсанына кірістер болжамы (трансферттер мен зайымдарды қоса есептегенде) 45 114,3 млн. теңгені құрап, 44 919,2 млн. теңгеге немесе 99,6 пайызға орындалды. Оның ішінде өз кірістері болжанған 15 586,5 млн. теңгенің орнына 15 407,5 млн. теңгеге немесе 98,9 пайызға орындалды. Қала бюджетінің шығыстар жоспары 46 243,4 млн. теңге болса, ол 36 856,8 млн. теңгеге немесе 97,0 пайызға орындалды.

Шағын кәсіпкерлік саласында 2018 жылдың 1 желтоқсанына қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26 254 бірлікті құрайды, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны – 20 789 бірлік. Кәсіпкерлердің жалпы санынан жеке кәсіпкерлер – 19 708 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары –
16 232 бірлік, заңды тұлғалар - 5 670 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары –   3 748 бірлік, шаруа немесе фермер қожалықтары – 876 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 809 бірлік.

2018 жылдың 1 желтоқсанына кәсіпкерлік саласында 1501 тұрақты жаңадан жұмыс орны ашылды, оның ішінде сауда саласы бойынша – 814, өнеркәсіп саласы – 69, ауылшаруашылығы бойынша – 60, білім және денсаулық – 213, басқа да қызмет түрлері бойынша – 345 жұмыс орындары ашылды.

Индустриялық – инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген жалпы құны 62,0 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 1 жоба республикалық картаға енгізілсе, қалған 6 жоба өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жобалар толық іске қосылғанда 1069 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Бөлшек сауда көлемі 202 046,4 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,8 пайызға артты. Облыстағы үлесі 86,5 %.

  2018 жылғы 1 желтоқсанына алдын ала деректерге сәйкес халық саны 301,9 мың адамды құрады. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 123,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7%.

2018 жылдың 1 желтоқсанына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 1848 адам, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,5 %.

Қала бойынша 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек бір қызметкердің айлық атаулы жалақысы 143 950 теңге, өткен жылғы тиісті кезеңге 108,4%.

 

Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея