Экологиялық жай-күй мен төтенше жағдайлар
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 30 мамыр 2017 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет » Қала жайлы

Экологиялық жай-күй мен төтенше жағдайлар

Енгізілді: 20.12.2009Өзгертілді: 13.04.2017

Арал проблемасы планетаның орасан зор экологиялық апаты ретінде аса өткір сипат алып отыр. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын шешу нәтижесінде өңiрiндегi экологиялық апат пен дағдарысты жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғау үшін заңнама қабылданды. Экологиялық апат аймағына Қызылорда облысындағы барлық аудандар және Қызылорда қаласы кiредi.  

                                                                               Арал теңізі

Теңіз 20-ғасырда ауданы жағынан әлемде төртінші орында болған, 1960 жылдардан бастап теңіздің суы тартыла бастады. 1989 жылы теңіз екі су айдынына бөлінді: Солтүстік (Кіші) және Оңтүстік (Үлкен) Арал. 1950 жылдары теңіз деңгейінің тереңдігі 22 м төмен болса, 2000  жылдары жүргізілген бақылау нәтижесінде судың абсолюттік көрсеткіші 31 м-ге дейін төмендегенін көрсетті.

Балық аулау шаруашылығы бүгінгі күні  Кіші Аралда ғана сақталған, ал Үлкен Аралдағы судың  жоғары тұзды болуына байланысты барлық балықтар жойылып кеткен.

2005 жылы Кіші Аралда су көрсеткішін реттеу мақсатында Көкарал бөгеті салынды. Бөгеттің ұзындығы – 13 034 метр, ені–100-150 метрге дейін. Еспелі бөгеттің биіктігі–6 м (45 м абс), Кіші Аралдың толтырылуына байланысты 42, 2 м абс. биіктікке жеткен. Бөгетте суды өткізуге арналған 9 суағызғыш орнатылған, жылдамдығы 600 м3/с, бұл құрылғы  артылған суды қорғап, Оңтүстік Аралға құяды.

Бөгеттің салынуы нәтижесінде Солтүстік Аралдың су көрсеткіші 12 м жоғарылаған. 2003 жылдың ең төменгі  көрсеткішіне қарағанда, 2006 жылы ғалымдар көрсеткіштің жоғарылағанын байқады. Суды минералдау 23-тен 17 гр литрге дейін төмендеді.

2007 жылы Кіші Аралда 1910 тонна балық ауланды, оның 640 тоннасы камбаланың үлесіне тиеді, қалғандары тұщысудың әртүрлі балықтары (сазан, ақмарқа, көксерке, тыран, жайын).

Қосжар және Тасбақ  ауылдарындағы «Қамыстыбас» балық асырау шаруашылығында шабақ өсіру қолға алынған. Теңізге екі миллион шабақ жіберілген. Арал аймағында қазіргі таңда екі үлкен кәсіпорын жұмыс жасауда. «Қуаныш» ЖС  мекемесінде 50 адам  жұмыс істейді. Біріккен кәсіпорын 600-ге жуық балықшының басын біріктіріп отыр.

Аймақта Президенттің тапсырмасы бойынша балық аулау шаруашылығы алдыңғы жолға қойылған. 2000 жылы Кіші аралда балық аулау 400 тоннаны құраса, 2011 жылы 3520 тоннаға өсті. Мамандардың пайымдауынша, 2020 жылы балық аулау 12-15 мың тоннаға жетеді деп отыр.

2011 жылы Арал теңізінің арналарында қалып қойған шабақтарды Кіші Аралға әкелу жолға қойылды. Екі ай ішінде табиғат қорғау қызметкерлерінің көмегімен 150 миллион шабақ әкелінді. Балық асырау шаруашылығында қаяз балығын қалпына келтіру мақсатында биотехникалық залалсыздандыру жүргізілуде.

Балық шаруашылығының мамандары  шабақтардың жағдайын жіті қадағалауда. Олардың ойынша, қаяз жақсы дамуда.  Ендігі кезекте бекіре шабақтарын асырау қолға алынып отыр.

Фотогалерея
Сауалнама
Коммуналдық қызмет жұмысы сапасын қалай бағалайсыз?

 жақсы
 қанағаттанарлық
 жаман

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея
FOR PLAYER