Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі

Сұрақ қоюшы: Азиза
Сұрақ қойған уақыты: 02.01.2018
Сұрағы:

Куаныш мырза кеш жарык. Мен Титов кыстагынын тургынымын. Сизге косар сурагым тазалык маселеси бизди катты толгандырады. Мусорымыз уакытылы алынбайды. Я оны ешким жинамайды. Есигимиздин алдына ушып келед мусорлар. Оны озимиз жинаймыз бирак контейнер полный тургасын ол кайтадан шашылады. Жане де машина тонау жаздын куни коп тоналады. Камера кою карастырылган ба биздин районга? Сизден жауап кутем.

Жауап берілген уақыты: 29.01.2018
Жауабы:

Сіздің сұрағыңыз бойынша «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-не ақпарат жеткізіліп, тиісті шаралар қабылдау сұралды. Алдағы уақытта жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында кез келген мәселеңізді (коммуналдық қызмет берілмеуі, тазалық мәселесі және т.б.) қала әкімдігінің «OPEN KYZYLORDA» немесе «Whatsapp» әлеуметтік мессенджерінде +77028871111 ашылған арнайы желілерде жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жолдауыңызға болатындығын хабарлаймыз.

Сұрақ қоюшы: Динара
Сұрақ қойған уақыты: 03.10.2017
Сұрағы:

Жас отбасы бойынша менин арзымды еш мекеме кабылдамай жатыр Жилстрой банкте депозит ашып койганмын Озим квартирада турамын 2 балам бар 3 ши ме аягым ауыр уй алу кыйн болып кетти сол квартирага толген акшаны неге жеке уйме толемеске

Жауап берілген уақыты: 03.05.2018
Жауабы:

Сіздің 2017 жылғы 3 қазандағы №П-11 сауалыңызға сәйкес төмендегіні хабарлаймыз. Облыс әкімінің бастамасымен «Қызылорда облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасы бағдарламасы әзірленді. Жол картасы бойынша тұрғын үйлерді өткізуге қатысушыларды екі топқа бөлінеді. І-топ қатысушылары – ЖАО тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айырылған балалар, 1-2 топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері). ІІ-топ қатысушылары – ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған отбасылар. Жол картасы бойынша қатысушыларға тұрғын үйлер кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі. Бастапқы үй алу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесі болуы шарт; 2) тұрғын үй алушының сол үй орналасқан елді мекенде тұрақты тіркелгендігі; 3) «Орда» Жол картасына қатысушының және бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сонымен қатар отбасы құрамына қосылған және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы үйінің немесе меншігіндегі үйінің болмауы; 4) міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін тиісті табыстарымен растау. Жол картасы бойынша тұрғын үйлерді өткізу механизмі төмендегідей: Қала немесе аудан әкімдіктері бөлінген қаржыға жеке құрылыс салушылардан тұрғын үйлерді сатып алып немесе өткізілмеген кредиттік тұрғын үйлерге иелік ету үшін ЖАО бағалы қағаздарын сатып алушылар алдындағы міндеттемелерін өтеп, кейіннен сатып алу құқығымен азаматтарға береді немесе сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйлер құрылысын салады. Тұрғын үйлерді алуға қатысу таралы әкімдіктің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандырылады. Одан кейін, «ҚТЖБ» АҚ-ға өткізілетін тұрғын үйлер туралы толық ақпарат береді. Қала немесе аудан әкімдіктері қатысушыларымен тұрғын үйді жалға алу шарты жасалады және әр қатысушыға тұрғын үйден 8 жылға пәтер жалға беріледі. Бұл кезеңде қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде алғашқы жарнаны жинақтайды. «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз (М.Шоқай көшесі №147, 8 каб, тел:24-80-97,24-80-61). «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Беттер: 1
Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея