Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 15 желтоқсан 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Сұрақ қоюшы: Нурлан
Сұрақ қойған уақыты: 11.05.2018
Сұрағы:

Біздің тұйық көшеде бар болғаны 6-7 үй бар. Қаланың қақ ортасында. 10-15 жылдан бері тұрып келеміз. Осы уақытқа дейін өз күшімізбен құм, тас төсеп, лаждап отырмыз. Жаңбыр жауғанда көшеміз ми балшық болады. Былтыр күзде мамандар көшені өлшеп кеткен болатын. Сұрақ: Біздің тұйық көшені күрделі жөндеу биылғы жоспарларыңызда бар ма. Болмаса қашан енгізесіздер. Жауабыңызға алдын ала рахмет.

Жауап берілген уақыты: 05.06.2018
Жауабы:

Қызылорда қаласының әкімдігі «Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, жол мәселесі бойынша жазған электронды өтінішіңізге сәйкес төмендегіні мәлімдейді. Қызылорда қаласы, Яссауи-1 тұйығына Яссауи көшесінен соңына дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары үстіміздегі жылы әзірленді. Алдағы уақытта, бюджет мүмкіншілігіне қарай, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес қабылданған шешімге шағымдануыңызға болады.

Сұрақ қоюшы: Әділхан
Сұрақ қойған уақыты: 09.11.2017
Сұрағы:

Ассалаумағалейкум! Қызылорда қаласы Хон Бен До мен Б.Майлин және Қызылжарма көшелерінің қиылысында пешеход жоқтығын мәлімдеймін. Осы орайда бірнеше күн бұрын 2 оқыс оқиғада 2 бүлдіршінді жеңіл автокөлік қағып кеткен болатын. Оның себебі көше бойында пешеходтың болмауында және Б.Майлин көшесіне жарықтандыру бағаналары орнатылмаған.Көше бойында жеке меншік балабақша орналасқан. Кешкі уақытта мектеп оқушылары сабақтан қайтқанда көшеде жарық бағаналары болмауы салдарынан балалар қаңғыбас иттерге таланып жатады. Осы орайда сіздерден тиісті мекемелерге шара қолдануларыңызды сұраймын.

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Гүлнұр
Сұрақ қойған уақыты: 20.09.2017
Сұрағы:

Саламатсыз ба, Талғат Бекмырзаұлы! Қала күні мерекесімен құттықтай отырып Сізге қала тұрғыны ретінде реніш айтқым келіп отыр. 2017 жылғы 20 қыркүйек күні қала бойынша маршруттар тегін жүреді деген соң ба, №5 маршруттағы көліктер жүрмей қойды. Таңертең өзіміз жұмысқа, балаларымыз сабаққа кешігіп барды. Түскі уақытта да бірде-бір маршрут жоқ. Бұл дегеніңіз қала басшылығының тапсырмасын орындамау деген сөз емес пе? Сіздердің тараптарыңыздан бұл халыққа жақсылық жасау шығар, алайда маршрут иелері бейбастыққа барып отыр. Осыған байланысты шара көруіңізді сұраймын.

Жауап берілген уақыты: 12.10.2017
Жауабы:

«Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сізге, төмендегідей жеткізеді. 20.09.2017 жылы қала күніне орай қалаішілік барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде қала халқына тегін қызмет көрсету іс-шарасы ұйымдастырылған болатын. Алайда, қала халқының қоғамдық көліктерде тегін жүруіне байланысты, автобустардың жүру жиілігі біршама ұзарып, аялдамаларға кеш жетуіне байланысты біршама кемшіліктер орын алғаны рас. Алдағы уақытта бағыт бригадирлеріне осындай кемшіліктерді қайталамау мақсатында қатаң ескертулер жасалғандығын жеткізеді. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары органға шағымдануға құқығыңыз бар екендігі ескертіледі.

Сұрақ қоюшы: Гулзада
Сұрақ қойған уақыты: 04.09.2017
Сұрағы:

Сәлеметсіздер ме, Ата ана ретінде жазып отырмын балаларым № 5 мектеп лицейде оқиды, сол мектептін көшесінде жол үсті таңбалары яғни пешеход жетіспейтіндіктен хабарласып отырмын.Мектеп басшылықтарына ескертіп айтқаң болатынбыз... Сіздерден сұрайтынымыз Ільясова көшесінен кележатқанда балдарымыз көшеден өте алмай тұрады, ал бірінші орналасқан пешеход мектептен өте алыста орналасқан ол бізге ынғайсыз сол себептен ол жерге тағы бір пешеход қажет соган көмек беріп тездетіп жасатып берсеніздер.

Жауап берілген уақыты: 05.09.2017
Жауабы:

«Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі Сіздің, қала әкімінің атына жазған электронды өтінішіңізге сәйкес төмендегіні жеткіземін. Қызылорда қаласы бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғылардың орнатылуына жол таңбаларының сызылуына Қалалық ішкі істер басқармасы тарапынан арнайы нұсқама берілетін болғандықтан өтініш көшірмесі жолданды. Алдағы уақытта, арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нұсқама берілгеннен кейін тиісті жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда жоғары органға шағымдануға құқығыңыз бар екендігі ескертіледі.

Беттер: 1
Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея