Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 23 қыркүйек 2018 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Сұрақ қоюшы: Алмагул
Сұрақ қойған уақыты: 29.05.2018
Сұрағы:

Салеметсизбе!Мен 4 баланын анасымын.Казирги танда уйим жок.куйеуим кайтыс болган.Омц да жумыс истим айлыгым 70.80мындай.Ипотекага уй алгым келеди.калай алсам болады?2016да тургам асыраушым жок деп уй кезегинде

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Жалғас
Сұрақ қойған уақыты: 24.04.2018
Сұрағы:

Саламатсыздар ма! Қаладағы Толе би 31 үй жанында үш түп үлкен қара ағашы өсіп тұр, сол ағаштың жоғарғы бұтақтары қураған. Өзіміз кесуге келмейді, себебі жоғары жиіліктегі электр сымдары жүргізілген яғни желтоқсан көшесінде орналасқан "БАСТАУ" бизнес орталығына тартылған. Бір күндері үйге құлай ма деп қоркамыз, өткен аптада бір бұтағы сынып үйге құлады. Осы мәселені кім шешеді.

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Марат
Сұрақ қойған уақыты: 18.04.2018
Сұрағы:

Саламатсыз ба! Ешнияз Сал 6 үй тұрғындары атынан Нұр Отанға арыз-өтініш жазылған болатын. Сол өтінішке сіздің берген жауабыңыз бар. Ол жауапта , біз, яғни тұрғындар өз қаражаттары есебінен аккредиттелген тұлғалар арқылы аталған үйге сараптама қорытындысын алуы қажет болатын. Сол үшін қай жерге баруымыз керек екенін білмей отырмыз. Мекеме атын, мекен-жайын кімге бару керек екенімізді жазып жіберсеңіз. Алдын ала рахмет!

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Бахыткул
Сұрақ қойған уақыты: 11.04.2018
Сұрағы:

Бірінші мәселе, Алты Алаш көшесінде орналасқан № 70 үйден (яғни, №101 мектептің бұрынғы светофорынан басталған Арай м/а жак беті) «Номад Палас» ресторанына дейінгі орналасқан жеке тұрғын үйлердің лас суларын орталықтандырылған КНС арқылы аталған рестораннын орталықтандырылған станциясына қосып берсеңіздер. Жеке тұрғындардың лас суға төлеп отырған қаржысы жеке адамның қалтасына емес, қала бюджетін толықтырар еді. Екінші, мәселе осы Алты Алаш көшесін мектеп бұрын болған светофорынан (сарқырама өткелінен бастап, ресторанга дейінгі жолды асфальттап берсеңіздер. Өткел арқылы каншама жаяу жүргінші, окушылар өтетіндігі ескерілсе және жол салынса қала көркіне қосар үлесі мол болар еді. Осы екі мәселені 2017 жылдың тамызында да жолдаған болатынмын. Жауабы жоқ. Сіздерден жауап күтемін. 11.04.2018 жыл

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Бакытжан
Сұрақ қойған уақыты: 26.02.2018
Сұрағы:

Саламатсызба!менин коятын сурагым уй кезегинде турмын жане кужаттарды арай 3 молтек ауданындагы уйге конкурске тапсырдым.Сол маселе канша уакыт каралады екен.Рахмет!

Жауап берілген уақыты: 14.03.2018
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 2017 жылғы 13 қарашадағы арызыңыз бойынша пәтер кезегіне мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар тобына тіркелгендігіңізді, бүгінгі күнге кезегіңіздің реттік саны – 10309 екендігін хабарлайды. Сонымен қатар «Байтерек девелопмент» АҚ-мен сатып алу құқығымен берілетін пәтердің келісім шартына қол қою уақыты белгіленгеннен кейін, өзіңізге хабарланатындығын мәлімдеймін. Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Айнур
Сұрақ қойған уақыты: 16.02.2018
Сұрағы:

Саламатсыздар ма? Мен мемлекеттік қызметші ретінде 2012 жылдан бастап тұрғын үй кезегінде тұрмын. Ол уақытта менің екі балам бар еді.Қазір төрт баланың анасымын.Менің сізге қояр сұрағым мен көп балалы отбасы ретінде "Орда" жол картасы бағдарламасы арқылы тұрғын үй ала алам ба?

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Айгерим
Сұрақ қойған уақыты: 09.02.2018
Сұрағы:

Салеметсіз бе Берік мырза! Мен Шопанова Айгерім Ғабитқызы сізге бірінші рет хат жолдап отырмын.Берік мырза мен Арай 3 тұрғын өтініш бергенмін.Аллаға шүкір тұрғын үйден хабар келіп,Тұғын үй жинак банкінің берген жауабын акиматқа апарып бергенмін.Үй алуды ұзақ күткенім рас.Себебі Арай мөлтек ауданында ата -енеммен тұрамын.Атам давление,сахар диабетімен аурады,қазіргі танда ІІІ топ мүгедек.Қазіргі Арай 3 тен беріліп жатқан үйлер 5 этаждан деп айтқан.Сізден өтініш: Берік мырза жеңіл жолмен талай тірлік бітіп жатқанын да көзім көріп, есітіп те жүрміз! Үйде үлкен кісілеріміздің барлығын елеп, ескеріп, этажды төменгі 3-4 қаббаттардан,ең болмағанда 4 қаббаттан беруіңізді сұраймын.Сіздің жауабыңыз мен үшін аса қажет.Алдын ала рахмет!

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Гулсаним
Сұрақ қойған уақыты: 06.02.2018
Сұрағы:

Саламатсызба! 2013 жылы үй кезегіне тұрған едім. Үкіметтен тегін үй берілеме

Жауап берілген уақыты: 27.02.2018
Жауабы:

Қызылорда қаласының әкімдігі «Қызылорда қалалық коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, жол салу мәселесі бойынша жазған өтінішіңізге сәйкес төмендегіні мәлімдейді. Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласы, С. Мақашева көшесіне М. Исаев көшесінен Ш. Абдоллаев көшесіне дейін тас жол төсеу жұмыстарын жүргізуге жоспарланып, облыстық бюджеттен қаржысы бөлінді. Осыған орай, С. Мақашева көшесіне тас жол төсеу жұмыстары желтоқсан айының ортасына дейін аяқталатындығын жеткіземіз. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 10 бабы 1-ші тармағына сәйкес қабылданған шешімге шағымдануыңызға болады».

Сұрақ қоюшы: Ұлбике
Сұрақ қойған уақыты: 02.02.2018
Сұрағы:

Саламатсызба Берік мырза, біз Бөкейхан көшесіндегі 41а мекенжайындағы тұрғындар атынан сізге өтінішіміз бар. Біз тұрып жатқан үй 1962 жылы іргетасы қаланған, үй әбден ескірген, канализациясы жоқ, әжетханасы далада, тұрғын үй ретінде пайдалануға жарамсыз. Газы құбыры тартылмаған, қыс болса барлық 16 пәтердің іші көгеріп, иістенеді. Бұл жөнінде 2017 жылдың қараша айында қоғам тв арнасы арнайы түсірілім келіп, үй жағдайын теледидардан көрсетті. Біз тиісті орындарға барып, ізденіп жүрміз, бірақ ешқандай нақты нәтиже, нақты жауап жоқ. Сізден өтінеріміз, Сізден бізге қандай да бір көмегіңіз қажет

Жауап берілген уақыты: 19.02.2018
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сізге Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі №41«а» үй Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған тұрғын үйлердің тізімінде тіркелмегендігін хабарлайды. Қызылорла қаласы, Бөкейхан көшесі №41 «а» үй тұрғындары өз қаражаттары есебінен акредиттелген тұлғалар арқылы аталған үйге сараптама қорытындысын жасатып, апаттық деп танылған жағдайда, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар тобына тұрғын үй алу кезегіне тіркелу үшін міндетті түрде тұрғылықты мекен жайы бойынша, төменде көрсетілген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 5 жыл көлемінде жеке меншіктерінде басқа тұрғын үй болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыра алады. 1. Жылжымайтын мүлік тіркелмегендігі туралы (ХҚКО-нан) анықтама; 2. Жеке куәлік көшірмесі; 3. Неке туралы куәлік көшірмесі; 4. Үйін апаттық деп тану туралы сараптама қорытындысы; 5. ХҚКО-нан мекен жай анықтамасы; 6. Жеке арызы /Қала әкімі Н. Нәлібаевқа/. Толық мәліметті «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен» анықтауыңызға болады. (М. Шоқай көшесі №147, тел: 24-80-61, 24-80-97). «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: "Акнур Авто" ЖШС
Сұрақ қойған уақыты: 06.01.2018
Сұрағы:

Қаланың СПМК-70 мөлтек ауданында орналасқан Ақтөбе көшесінің көше жарығы бірнеше күн бойы жанбай тұрған. Бұл көше қала теңгеріміне кірмеген. Бірақ соған қарамастан "Акнур Авто" ЖШС-і тұрғындардың өтініші бойынша тексеру жүргізіп, подстанциядағы шкафынан таймер ұрланғандығы анықталды. Қазіргі уақытта ұрланған электрлік заттың орнына жаңасы орнатылып, көше жарығы қалпына келтірілді.

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Беттер: 1 2 3
Фотогалерея
Сауалнама
Қандай экологиялық мәселе сізді басқалардан гөрі қатты толғандырады?

 ауаның ластануы
 су қоймаларының ластануы
 ағаштардың кесілуі
 басқасы

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея