Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 қыркүйек 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Сұрақ қоюшы: Гулнар
Сұрақ қойған уақыты: 30.11.2017
Сұрағы:

Саламатсыз ба? Титов қыстағы №6 жаңа үйлердің 8 пәтер тұрғынымын.Біздің подьезде әр түрлі санаттағы тұрғындар тұрады, бірақ көшіп келгелі бері үш пәтерде ылғи да жалдамалы(квартиранттар) тұрғындар болғандықтан ешқандай тәртіпке бағынбайды. Ол пәтерлер жекешелендірілмеген болу керек.Сіздерден көмек болса тексерсеңіздер.№2,7,9 пәтерлер

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Сауле
Сұрақ қойған уақыты: 24.11.2017
Сұрағы:

Сәлеметсізбе! мен үстіміздегі жылдың қыркүйек айында тұрғын үй кезегіне өтініш бергенмін, қазан айында кезегімді растайтын қағазымды алдым. бүгінгі күнге дейін өзгертілген кезек бойынша онда менің аты -жөнім жоқ! соны түсіндіре кетсеңіздер?

Жауап берілген уақыты: 13.12.2017
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 2017 жылғы 19қазандағы арызыңыз бойынша пәтер кезегіне мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар тобына тіркелгендігіңізді хабарлайды. Қазіргі таңда кезегіңіздің реттік саны - 10231. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады. 2005 жылдан бастап тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың кезек реттілігі 29.10.-30.12.2010 жылы «Сыр дидары», 5.04.-17.05.2012 жылы «Ақмешіт апталығы», 27.03.2013 жылы «Ел тілегі», 31.03.2014 жылы «Ақмешіт ақшамы» 02.04.2015 жылы «Ақмешіт ақшамы», 28.03.2016 жылы «Ақмешіт ақшамы», 16.08.2017 жылы «Ел тілегі» газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар, Сізге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына қатысуды ұсынамыз. Осы Бағдарлама аясында, жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ-нан, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі: - көпбалалыотбасылар; - толықемесотбасылар; - мүгедекбалалары бар немесетәрбиелепотырғанотбасылар; - жетімбалалар, ата-анасының қамқорлығынсызқалғанбалалар; - оралмандар; - 1 және 2 топтағымүгедектер; - мемлекеттiкқызметшiлер, әскериқызметшілер, арнаулымемлекеттікоргандардың қызметкерлері, бюджеттiкұйымдардың қызметкерлерi. Тұрғынүйсатыпалумүмкіндігімен 20 жылмерзімгежалғаберіледі. ЖАО-даесептетұрғанкезектегіадамосыбағытбойыншатұрғынүйдіжекеменшіккенемесесатыпалумүмкіндігіменжалғаалғанжағдайдатұрғынүйгемұқтаждаресебіненалыптасталады. ЖАО-даесептетұрғанкезектегіадамосыбағытбойыншатұрғынүйдіжекеменшіккенемесесатыпалумүмкіндігіменжалғаалғанжағдайдатұрғынүйгемұқтаждаресебіненалыптасталады. Толық түсіндірме алу үшін Сізді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз (Мекен жайы: Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, №147, тел: 24-80-61, 24-80-97). Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Асем
Сұрақ қойған уақыты: 17.11.2017
Сұрағы:

Саламатсыз ба? Мен жалгыз басты анамын жане уй кезегине 2016ж 20 мамырда турганмын. Уйди тез арада алу ушин кандай мумкиндиктер бар.? Мен казир жумыс истеп жатырмын. Уй кезегин ипотека аркылы алуга болама? Бирак пенсионный начесления 6 ай болган жок. Ал ипотекага алу ушин 6 айлык корсеткиш керек екен, баскада кандай варианттар бар?. Арендалык жуйеде алсам егер, ол уй болашакта оз атыма аудырыла ма? Казирги уакытта уй кезегинин саны 9143 деп тур. Сонда менин кезегим кашан келеди, соны калай билуге болады. Алдын ала рахмет сизге!!!

Жауап берілген уақыты: 13.12.2017
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 2016 жылғы 20 сәуірдегі арызыңыз бойынша пәтер кезегіне халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын әлсiз тобына (толық емес отбасы ретінде) тіркелгендігіңізді, бүгінгі күнге кезегіңіздің реттік саны –9132 екендігін хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жоғарыда аталған Заңның талаптарына сәйкес тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімі 2013-2016 жылдары жергілікті баспасөз құралдарында («Ақмешіт апталығы», «Ел тілегі», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде) жарияланған болатын. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады. Сондай ақ толық түсіндірме алу үшін мүмкіндігіңіз болса өзіңізді«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әр аптаның үшінші күні бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз. Сонымен қатар, Сізге ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсанында №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы бекітілген. Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі: 1) көп балалы отбасылар; 2) толық емес отбасылар; 3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; 4) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 5) оралмандар; 6) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 7) мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Осы Бағдарлама аясында, Жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ-нан, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен 20 жыл мерзімге жалға беріледі. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. Құжаттар қабылдау орны мен уақыты туралы қосымша мәліметті «Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нен анықтауыңызға болады. (Мекен жайы: М. Шоқай көшесі, №147 үй, байл. тел. 24-80-61, 24-80-98, 24-80-97). Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Шохаева Роза
Сұрақ қойған уақыты: 08.11.2017
Сұрағы:

Саламатсызба .Кик программа бойынша қалай конкурсқа қатыса аламын .Тұрғын үй кезегінде тұрамын.Рахмет.

Жауап берілген уақыты: 17.11.2017
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 2013 жылғы 27 қарашадағы арызыңыз бойынша пәтер кезегіне халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын әлсiз тобына (толық емес отбасы ретінде) тіркелгендігіңізді, бүгінгі күнге кезегіңіздің реттік саны – 6374 екендігін хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жоғарыда аталған Заңның талаптарына сәйкес тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімі 2013-2016 жылдары жергілікті баспасөз құралдарында («Ақмешіт апталығы», «Ел тілегі», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде) жарияланған болатын. Зерттеу барысында Сіздің кезегіңіздің реттік саны: 31.03.2014 жылы «Ақмешіт ақшамы» газетінде – 6866; 02.04.2015 жылы «Ақмешіт ақшамы» газетінде – 6707; 28.03.2016 жылы «Ақмешіт ақшамы» газетінде - 6533 болғандығы анықталды. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады. Сондай ақ толық түсіндірме алу үшін мүмкіндігіңіз болса өзіңізді «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00 аралығында бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз. Сонымен қатар, Сізге ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсанында №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы бекітілгендігін хабарлаймыз. Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі: 1) көп балалы отбасылар; 2) толық емес отбасылар; 3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; 4) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 5) оралмандар; 6) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 7) мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Осы Бағдарлама аясында, Жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ-нан, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен 20 жыл мерзімге жалға беріледі. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. Құжаттар қабылдау орны мен уақыты туралы қосымша мәліметті «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен анықтауыңызға болады. (Мекен жайы: М. Шоқай көшесі, №147 үй, байланыс телефоны 24-80-61, 24-80-97). Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Нұрсұлтан
Сұрақ қойған уақыты: 02.11.2017
Сұрағы:

Саламатсызба! Шұғыла м/а 32 үйдегі жылу жүйесінің дұрыстығын тексеруіңізді және жылу жүйесінің құбырларынын аустырғанымен неге жылу болмайтығын анықтап шешіп беріңіздің, Сондай ақ жылу жүйесі дұрыс болмағандықтан газ пешін орнатуға рұсатын алуға ықпал жасауыңызды сұраймын. Көпқабатты үйлердің жылу жүйесінің дұрыстығын қадағалайтын қандайда бір мемелекеттік мекеме болса, сол мекеме жұмысын дұрыс және уақытылы тексеру жұыстарын жүргізсе. Мұндай кемшіліктер орын алмайтын еді. Соған байланысты тиісті мекемеге шара көріп,мекеменің жұмысына қадағалау жұмыстары жүргілсе.

Жауап берілген уақыты: 09.11.2017
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Сізге арызда көрсетілген мәселеге байланысты «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС-мен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізіп төмендегіні хабарлайды. Шұғыла мөлтек ауданы № 32/52 көпқабатты тұрғын үйдің жылуы болмау себебі үй ішіндегі жылу құбырларының (стояктарының) бітелуіне байланысты жылу дұрыс берілмей жатыр. Сол себепті үй ішіндегі жылу құбырларының (стояктарын) тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда жылу қалпына келеді. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi ортақ мүлiктің және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуына және қауiпсiз пайдаланылуына жәрдемдесуге міндетті. 50 баптың 1 тармағына сәйкес, Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті. Сонымен қатар, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламаларында көп пәтерлі тұрғын үйлердің (инженерлік жүйелерін-кәріз құбыры, шатырлар, су құбыры, жылу құбыры) жөндеу жұмыстарына қаражаттар қарастырылмаған. Яғни, тұрғын үйлердің пәтер иелері үйлерге кететін шығыстарға теңдей қатысып тұрған үйді күтіп ұстау қызметін көрсетуші пәтер иелері кооперативі мен бірлесіп атқаруы қажет. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі

Сұрақ қоюшы: Жансая
Сұрақ қойған уақыты: 05.10.2017
Сұрағы:

Саламатсыз ба? Мен тұрғын үйге документ тастап едим. Қорытындысын ЦОН-нан білесіз деген. Бірақ ол жақтан базадан шықпай тұр. Ол жақтағылар Тұрғын үйден барып білесіздер деген. Ол жақтағылар сайттан біліңіз деген. Бұл жақта әлі сайтта жаңару жоқ. Мен қайдан біле аламын кезегімді?

Жауап берілген уақыты: 20.10.2017
Жауабы:

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, мемлекеттік тұрғын үй қорынан арендалық тұрғын үй алу кезегіне тіркелмегендігіңізді хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдері 5 топ бойынша жүргізіледі. 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобы. 3) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары; 4) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 5) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 1 бөлігіне сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі және аталған баптың 3 тармағына сәйкес тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Өзіңіздің жеңілдігіңіз арқылы тұрғын үй алу кезегіне тіркелу үшін міндетті түрде Қызылорда қаласына тұрғылықты тіркеліп немесе тұрғылықты мекен жайы бойынша төменде көрсетілген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 5 жыл көлемінде жеке меншігіңізде тұрғын үй болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыра аласыз. 1. Жылжымайтын мүлік тіркелмегендігі туралы (ХҚКО-нан) анықтама; 2. Жеке куәлік көшірмесі /нот. куәландіру/ 3. Неке туралы куәлік көшірмесі немесе нотариустан некеде жоқтығы туралы анықтама; /нот. куәландіру/ 4. Жеңілдіктеріңіз туралы анықтама /нот.куәландіру/ 5. ХҚКО-нан мекен жай анықтамасы; 6. Жеке арызыңыз /Қала әкіміне/. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын ұдайы жаңаланып, орналастырылады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімі 2012-2016 жылдар аралығында жергілікті баспасөз құралдарында («Ақмешіт апталығы», «Ел тілегі», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде) жарияланған болатын. Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Гаухар
Сұрақ қойған уақыты: 21.09.2017
Сұрағы:

Сәлеметсіз бе ? Менің сізге қояр сұрағым! 2006жылы жолдасым ИЗАТУЛЛАЕВ МҰСТАФА мемлекеттік қызметкерлер категориясымен үй кезегіне тұрған .үш баламыз бар 2001ден бері жалдамалы пәтерде тұрып келеміз бізге қиын. пәтерақы қымбат,Биыл күзде 160 үй берілеі дейді біз ілінеміз бе ? Немесе бағдарламамен алатын болсақ өзім бала күтіміндемін жолдасымның айлығы 60мың темір жол ауруханасында массажист болып жұмыс жасайды. 1 бөлмелі пәтерге 40 мын төлейміз нақты жауап беруіңізді өтінем. Басқа қайда болады.

Жауап берілген уақыты: 09.10.2017
Жауабы:

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, жолдасыңыз М. Изатуллаевтың 2006 жылғы 30 қарашадағы арызы бойынша пәтер мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар тобына тіркелген, бүгінгі күнге кезегінің реттік саны - 118 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Жоғарыда аталған Заңның талаптарына сәйкес тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімі 2013-2016 жылдары жергілікті баспасөз құралдарында («Ақмешіт апталығы», «Ел тілегі», «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде) жарияланған болатын. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады. Сондай ақ толық түсіндірме алу үшін мүмкіндігіңіз болса өзіңізді «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00 аралығында бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз. Сонымен қатар, Сізге ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсанында №922 қаулысымен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы бекітілгендігін хабарлаймыз. Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі: 1) көп балалы отбасылар; 2) толық емес отбасылар; 3) мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; 4) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 5) оралмандар; 6) 1 және 2 топтағы мүгедектер; 7) мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Осы Бағдарлама аясында, Жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ-нан, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен 20 жыл мерзімге жалға беріледі. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. Құжаттар қабылдау орны мен уақыты туралы қосымша мәліметті «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен анықтауыңызға болады. (Мекен жайы: М. Шоқай көшесі, №147 үй, байланыс телефоны 24-80-61, 24-80-98, 24-80-97). Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Гулжазира
Сұрақ қойған уақыты: 06.09.2017
Сұрағы:

Сәлеметсізбе! Менің мәселем тұрғын үй жайында.Менің тұрмыс құрағныма 4 жыл болды. Бірақ әлі балаларымыз жоқ. Жас отбасы бағдарламасы бойынша үй алуға құүжаттар тапсырғанбыз, сіздердің балдарыңыз жоқ деп отказ келді. Балалы болу бір құдайдың қолында. Үйге құжаттар жинау тізімінде 2 жыл заңды некеде тұру керек деген. 2 жылда біреу балалы болады, біреу болмайды. 2 жыл заңды некеде түрған соң үйді неге бермеске? Сол жағын ескерсе екен.Одан басқа мәселелерде жетеді. Менде күйеуімде жеке мекемеде жұмыс жасаймыз (ЖШС-ТОО деген сияқты). Басқа тұрғын үй бағдарламаларына да конкурска құжаттар тапсырдым акиматтың сайтынанан шығып тұрған.Ол жақтанда отказ келді. Себебі: ЖШСда жұмыс жасайсыздар дейді.Сонда ЖШС-да жұмыс жасайтындар қалай үй алады, қалай үйлі болады! Біз сияқты жастар толып жатыр.Бүкіл адамдарға гос.мекемеде жұмыс істеу бұйырмаған ғо. Сонда тек гос.та жұмыс жасайтндар үй алып, басқалары шеткері қалып қоя береме?Мемлекет неге сол жағын ойламайды екен.Бүгін осы мәселе бойынша күйініп отырмын.Осы мәлесе бойынша шаралар қолдансаңыздар!Қызылордада жеке мекемеде жұмыс жасайтындар өте көп.

Жауап берілген уақыты: 29.09.2017
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу кезегіне тіркелмегендігіңізді хабарлайды. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, мұқтаж адамдар есебінің дара (бөлек) тізімдері 5 топ бойынша жүргізіледі. 1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1.1. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобы. 2) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, оның ішінде: - Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар; - 1 және 2 топтағы мүгедектер; - мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; - жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; - оралмандар; - экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; - көп балалы отбасылар; - мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; - толық емес отбасылар жатады. 3) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 4) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар. Жоғарыда аталған санаттарға Сіздің жеңілдігіңіз сәйкес келген жағдайда, міндетті түрде Қызылорда қаласына тұрғылықты тіркеліп, 5 жыл көлемінде жеке меншігіңізде тұрғын үй болмаса, тиісті құжаттарды «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментіне тапсыруыңыз қажет. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 маусымдағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы шеңберіндегі «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша сатып алу құқығымен жалға алуға заңда қойылған талаптарына сәйкес келген жағдайда бағдарламаға қатыса аласыз. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасының «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша азаматтардан құжаттар қабылданатындығы жөнінде қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына, «Қоғам ТВ» телеарнасына және жергілікті баспасөз құралына хабарландыру беріледі. Бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: 1) Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жастан аспауы қажет; 2) өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы; 3) отбасының құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады; 4) ерлі-зайыптылардың екеуінің де Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде тіркелуі (тұру мерзіміне қарамастан); 5) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы; 6) соңғы 5 жыл ішінде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауы; Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу үшін төлем қабілетін растаған өтініш берушілерді іріктеуді ЖАО балдық жүйе бойынша (балдың ең көп саны бойынша) жүргізеді: 1) тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл; 2) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл; Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін берген өтініштеріне сәйкес балдардың ең көп саны бойынша іріктеліп, төлем қабілеттіліктерін анықтау үшін «Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкісіне» жолдама беріледі. Банкіден төлем қабілеттілігі жөнінде анықтама табыс етілгеннен соң, «Жас отбасыларына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарламаға қатысушылардың құжаттары мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді есепке алу, жекешелендіру және жалға беру комиссиясының отырысына ұсынылып, қаралатын болады. Толық түсіндірме алу үшін Сізді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз (Мекен жайы: Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, №147, тел: 24-80-61, 24-80-97). Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Беттер: 1 2 3
Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея