Қызылорда қаласының әкімдігі
Сенім телефоны: 26-16-44
Бүгін: 16 желтоқсан 2019 жыл
KZ RU
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Басты бет

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Сұрақ қоюшы: Гульназия
Сұрақ қойған уақыты: 27.12.2017
Сұрағы:

Саламатсызба! Панфилов көшесінде Абай даңғылына бұрылатын жерде зебра пешеход бар. бар болғанымен сабаққа балдар барып келгенше уайымдап отырамыз кішкентай жол болсада. машиналар қатты жүреді. Бір мәрте сабаққа бара жатқан баланы қағып кете жаздағанын өз көзіммен көрген соң уайымдаймын. сол жолмен мектепке қанша бала сабаққа барады. Сондықтан,Сізден сұрарым сол жерге лежащий полицейский орнату жөнінде тиісті орындарға тапсырсаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Мектепке балдар өздері қатынап, бізде уайымсыз отырар едік.

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Сұрақ қоюшы: Рауза
Сұрақ қойған уақыты: 21.12.2017
Сұрағы:

Саламатсыз ба 2012 де уи кезегине тиркелген болатынмын. Осы уакытка деиин очертимди тексерип отырм бирак ешкандаи натиже жок НЕГЕ? Канша уи берилип жатыр очертимиз жылжымаит 426 да туратта коят 2 балам бар озим жумыстемеимин кв рада турам сонда кашан аламыз уидииии. Берилип жаткан уилер сонда кимдерге берилип жатыр. Очертте тургандар тура берема осылаи 426 боп

Жауап берілген уақыты: 17.01.2018
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 2012 жылғы 12 қыркүйектегі арызы бойынша пәтер кезегіне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобына тіркелгендігіңізді хабарлайды. Қазіргі таңда кезегіңіздің реттік саны - 386. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады. 2005 жылдан бастап тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың кезек реттілігі 29.10.-30.12.2010 жылы «Сыр дидары», 5.04.-17.05.2012 жылы «Ақмешіт апталығы», 27.03.2013 жылы «Ел тілегі», 31.03.2014 жылы «Ақмешіт ақшамы» 02.04.2015 жылы «Ақмешіт ақшамы», 28.03.2016 жылы «Ақмешіт ақшамы» газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар, Сізге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына қатысуды ұсынамыз. Осы Бағдарлама аясында, жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ-нан, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі: - көп балалы отбасылар; - толық емес отбасылар; - мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - оралмандар; - 1 және 2 топтағы мүгедектер; - мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен 20 жыл мерзімге жалға беріледі. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. Толық түсіндірме алу үшін Сізді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз (Мекен жайы: Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, №147, тел: 24-80-61, 24-80-97). «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Индира
Сұрақ қойған уақыты: 21.12.2017
Сұрағы:

Саламатсыз ба ! Мен Турсынбаева Индира жалгыз басты анамын , 2еки кыз тарбиелеп откан.Бир кызым 2топтагы мугедек.мен 2012нын шилде айында уй кезегине турдым .бирак 5жыл болды еш хабар жок.Мен жалгыз басты ана, мугедек кызды тарбиелеп откан квартирадан квартирага кошуге мажбирмин.Сизге отинишим менин уй кезегимди билип алып беруинизди сураймын. уажимди жерге тастамауынызды сураймын.

Жауап берілген уақыты: 17.01.2018
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 2012 жылғы 23 шілдедегі арызыңыз бойынша пәтер кезегіне халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына (көп балалы отбасы ретінде) тіркелгендігіңізді хабарлайды. Қазіргі таңда кезегіңіздің реттік саны - 5094. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады. 2005 жылдан бастап тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың кезек реттілігі 29.10.-30.12.2010 жылы «Сыр дидары», 5.04.-17.05.2012 жылы «Ақмешіт апталығы», 27.03.2013 жылы «Ел тілегі», 31.03.2014 жылы «Ақмешіт ақшамы» 02.04.2015 жылы «Ақмешіт ақшамы», 28.03.2016 жылы «Ақмешіт ақшамы», 16.08.2017 жылы «Ел тілегі» газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар, Сізге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына қатысуды ұсынамыз. Осы Бағдарлама аясында, жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ-нан, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі: - көп балалы отбасылар; - толық емес отбасылар; - мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - оралмандар; - 1 және 2 топтағы мүгедектер; - мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен 20 жыл мерзімге жалға беріледі. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. Толық түсіндірме алу үшін Сізді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз (Мекен жайы: Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, №147, тел: 24-80-61, 24-80-97). Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Гүлмира
Сұрақ қойған уақыты: 20.12.2017
Сұрағы:

Сәлеметсіз бе Берік мырза! Мен Шамұратова Гүлмира Шерниязқызы сіздің қабылдауыңызға 14.12.2017 жылы өтініш жазып кеткен болатынмын. Сол өтінішім аяқасты болды ма деп сізге қайтадан жолдап отырмын. Тұрғын үйден хабар алдық 5 этаж 88Б дом 30 кв деп. менің күйеуімнің жол саласында жұмыс жасауына байланысты жолға шығып яғни іссапарда болғандығына байланысты үйге жауап бере алмадым, біріншіден үйдің егесі келсін, екіншіден сол кісінің атынан документ тапсырылған болатын. Өзіміз Сырдария ауданы, Жетікөл ауылынын тұрғынымыз. Куйеуім екеуміз де ауылдан қатынап жұмыс жасаймыз. Екеуміз де мемлекеттік қызметкерміз. Әке шешеміз бар әкеміз 2014 жылдан бастап онкология ауруымен ауырады, шешеміз буын ауыруымен ауырады. Сізден өтініш: Тұрғын үй инспекциясына барған болатынмын күйеуімнің жолда екендігін айтып, келгенше уақыт беруін сұрап, оған ол жақтағылар күйеуің болмаса үйді басқа біреуге бере саламыз деп дұрыс жауап берген жоқ. сол жөнінде нақты мәлімет беруіңізді сұраймын. Жеңіл жолмен талай тірлік бітіп жатқанын да көзім көріп, есітіп те жүрміз! Қанша адамдар ақшасының жоқтығына байланысты үй алудан бас тартып жатыр. үйде үлкен кісілеріміздің барлығын елеп, ескеріп этажды төменгі 3-4 этажға түсіріп беруіңізді өтініп сұраймын!

Жауап берілген уақыты: 19.01.2018
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» Сізге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсанында №922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы бойынша, «Арай-3» тұрғын ауданынан берілген төменгі қабаттан берілуі туралы өтінішіңіз назарға алынғандығын хабарлайды. Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Дархан
Сұрақ қойған уақыты: 20.12.2017
Сұрағы:

Ассалаумағалейкум! мен 2006 жылы тұргын үй кезегіне тұрған болатынмын.(бюджеттік категория) 1-2 жылдың ішінде 26 реттік кезеңде тұрмын. менің білейн дегенім кезек қашан жылжиды және үйге қолымыз қашан жетеді екен. Рахмет

Жауап берілген уақыты: 17.01.2018
Жауабы:

«Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 2006 жылғы 19 шілдедегі арызыңыз бойынша пәтер кезегіне мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар тобына тіркелгендігіңізді хабарлайды. Қазіргі таңда кезегіңіздің реттік саны - 26. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады. 2005 жылдан бастап тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың кезек реттілігі 29.10.-30.12.2010 жылы «Сыр дидары», 5.04.-17.05.2012 жылы «Ақмешіт апталығы», 27.03.2013 жылы «Ел тілегі», 31.03.2014 жылы «Ақмешіт ақшамы» 02.04.2015 жылы «Ақмешіт ақшамы», 28.03.2016 жылы «Ақмешіт ақшамы», 16.08.2017 жылы «Ел тілегі» газеттерінде жарияланды. Сонымен қатар, Сізге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы Бағдарламасына қатысуды ұсынамыз. Осы Бағдарлама аясында, жергілікті атқарушы орган (ЖАО) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «Байтерек девелопмент» АҚ-нан, «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Сатып алу мүмкіндігі бар жалға берілетін тұрғын үй ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалатын кезектілік тәртібімен мынадай санаттарға өткізіледі: -көп балалы отбасылар; -толық емес отбасылар; -мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар; -жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; -оралмандар; -1 және 2 топтағы мүгедектер; -мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi. Тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен 20 жыл мерзімге жалға беріледі. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады. Толық түсіндірме алу үшін Сізді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін бөлім басшысы жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз (Мекен жайы: Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі, №147, тел: 24-80-61, 24-80-97). Өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Тұрар
Сұрақ қойған уақыты: 20.12.2017
Сұрағы:

Сәлеметсіз бе! Менің үйленгеніме бір жыл болды. Бір баламыз бар, жұбайымның екінші балаға аяғы ауыр. Менің жасым жиырма үште, жұбайымның жасы жиырма екіде. Біз "Жас отбасы" бағдарламасымен тұрғын үй алсақ деп едік. Осы бағдарламамен тұрғын үй алуға қандай құжаттар керек? Қандай амалдары, шарттары бар? "Жас отбасы" бағдарламасы жайында толық ақпарат берсеңіздер!!!

Жауап берілген уақыты: 19.01.2018
Жауабы:

Сіз, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберіндегі «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша сатып алу құқығымен жалға алуға заңда қойылған талаптары сәйкес келген жағдайда бағдарламаға қатыса алады. «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: 1) Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жастан аспауы қажет; 2) өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы; 3) отбасының құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады; 4) ерлі-зайыптылардың екеуінің де Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде 2 жыл тіркелуі; 5) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы; 6) соңғы 5 жыл ішінде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауы; 7) өтініш берердің алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте: а) ең төменгі – Алматы, Астана қалалары үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 4 есе мөлшері, басқа қалалар үшін – төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшері; б) ең жоғарғы – төменгі күнкөріс деңгейінің 12 есе мөлшерінен артық емес. Өтініш берушілердің Бағдарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қарай, балы есептелeді: 1) тіркелген некенің әрбір жылы үшін – 5 балл; 2) тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін -30 балл; 3) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезегін жинаған балдың саны (балдың ең көп саны бойынша) анықтайды. Балы тең болған жағдайда, өтінішті бұрын берген азаматтар басымдыққа ие болады. Құжат тапсырған азаматтардың төлем қабілетін растау үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне» жолдама беріледі. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жағдайда, толық ақпарат алу үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне және 24-80-97 телефон номеріне хабарласуыңызға болатындығын назарыңызға саламыз. Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республика сының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Айдана
Сұрақ қойған уақыты: 18.12.2017
Сұрағы:

Мереке кутты болсын .канша жазсамда отв жок мен жетим баламын 210 отбасы уйли болды деп жатсыздар калайша очред жылжымайды 210 кайдан шыкты тусинбедим сиздерди мен озим 4 агайындымын аке шешемнен 2 жасымда калдым укиметтен ешкайсысымыз уй сурамадык нактырак айтсак жолын билмедикте енд кенжеси мен гана комек ретинде уйге мухтажбын ал сиздер айтасыздар кашанда жетимин жылатпаган деп биз али жылап журк ешким кормиди или сиздерге корсету ушин теле арна шакыру керекпе менин сиздерден кутерим уй берсениздер мен ешкандай жолын билмимин алдарынызга бару ушин жолдан кайтарып тастайтындар коп нестиуим керек шырылдап мен журмин алииии ..сизге сенейн уй болуинизди сураймын отинемин ....алладан кайтарымы молынан болсын ...ИншАллаh...

Жауап берілген уақыты: 29.01.2018
Жауабы:

«Қалалық тұрғын коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сізге, 13.03.2017 жылғы арызыңыз бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тобына тұрғын үй алу кезегіне тіркелгенсіз, бүгінгі күнге кезек ретіңіз – 1095 екенін хабарлайды. Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігі (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына, ұдайы жаңаланып, орналастырылып отырады. Қала әкімдігінің қаулысымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың тізімдері жылына бір рет бекітіліп, тізім баспасөз құралдарына жарияланады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының 1-тармағына сәйкес, мұқтажадар есебінде тұратын азаматтарға мемлекткттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй, қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі және аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Сізге, апаттық жағдайдағы Титов тұрғын ауданы, Жетікөл көшесі №16 «а» көп қабатты тұрғын үйдің босаған пәтерлеріне уақытша қоныстануға рұқсат алу үшін, «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының әр аптаның сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін жүргізетін азаматтардың жеке қабылдауына шақырамыз (М.Шоқай көшесі №147, 8 каб, тел:24-80-97,24-80-61). «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Тұрар
Сұрақ қойған уақыты: 16.12.2017
Сұрағы:

Сәлеметсіз бе? Мен "Жас отбасы" бағдарламасы туралы білейін деп едім. Осы бағдарлама туралы толық ақпарат берсеңіздер.

Жауап берілген уақыты: 19.01.2018
Жауабы:

Сіз, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберіндегі «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша сатып алу құқығымен жалға алуға заңда қойылған талаптары сәйкес келген жағдайда бағдарламаға қатыса алады. «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарламаларға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: 1) Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 29 жастан аспауы қажет; 2) өтініш берген сәтте кемінде 2 жыл тіркелген некеде болуы; 3) отбасының құрамына ерлі-зайыптылар, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалар, ерлі-зайыптылардың еңбекке жарамсыз ата-аналары қосылады; 4) ерлі-зайыптылардың екеуінің де Бағдарламаға қатысуға өтініш берілген елді мекенде 2 жыл тіркелуі; 5) Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге қоныстану үшін Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берген елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы; 6) соңғы 5 жыл ішінде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауы; 7) өтініш берердің алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте: а) ең төменгі – Алматы, Астана қалалары үшін төменгі күнкөріс деңгейінің 4 есе мөлшері, басқа қалалар үшін – төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшері; б) ең жоғарғы – төменгі күнкөріс деңгейінің 12 есе мөлшерінен артық емес. Өтініш берушілердің Бағдарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қарай, балы есептелeді: 1) тіркелген некенің әрбір жылы үшін – 5 балл; 2) тұңғыш бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін -30 балл; 3) мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен созылмалы аурулардың кейбір ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезегін жинаған балдың саны (балдың ең көп саны бойынша) анықтайды. Балы тең болған жағдайда, өтінішті бұрын берген азаматтар басымдыққа ие болады. Құжат тапсырған азаматтардың төлем қабілетін растау үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне» жолдама беріледі. Хабарландыру қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына жарияланады. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жағдайда, толық ақпарат алу үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне және 24-80-97 телефон номеріне хабарласуыңызға болатындығын назарыңызға саламыз. Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республика сының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкес өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Мейрамкул
Сұрақ қойған уақыты: 15.12.2017
Сұрағы:

Қызылорда қаласы сырдария мөлтекауданы №1үй. 1подездъ тұрғынымын. Қазіргі таңда №1үйде жылу мардымсыз берілуде, үй іші салқын осы жөнінде КСК, Жылу жүйесі, 109 нөміріне хабарласып ешқандай мардымды жауап ала алмадым. Қаржысын алдын ала төлеп отырмын алайда жылу дұрыс берілмейді осыған қала әкімі толық жауап берсе екен. Алдын ала рахмет!

Жауап берілген уақыты: 29.01.2018
Жауабы:

Сіздің, қала әкімдігінің электронды почтасына жолдаған сауалнамаңызда көрсетілген мәселеге байланысты, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, «Үй-жайлардың (пәтерлердiң) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады» делінген. Осыған байланысты, тұрғын үйдің өжіресіндегі жылу жүйелерін қалыпына келтіруге, Сіздің тұрғын үйге қызмет көрсетуші «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС мен бірлесіп тиісті жұмыстардың атқару керектігін назарыңызға саламын. Дегенмен, өжіредегі жылу жүйелерін орын алған ақауларды «Тұрғын үй Қызылорда» ЖШС тарапынан қайта қалпына келтірілгендігін хабарлайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12 бабына сәйкеся, өтінішке берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда, жоғарғы органға немесе сотқа шағымдану құқығыңыз бар екені түсіндіріледі.

Сұрақ қоюшы: Олжас
Сұрақ қойған уақыты: 03.12.2017
Сұрағы:

ЖШС "Қызылорда Тұрғын үй" КСК деген не және оның қызметіне не кіреді? Олардың не істеп жүргенін білмеймін, бірақ маған ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап қазан айына дейін 16000 тенге қарыз екендігімді ескертті. Не үшін қандай қызметтері үшін төлеу керек екендігімді түсінбедім.

Жауап берілген уақыты: 00.00.0000
Жауабы:

Беттер: 1 2 3
Фотогалерея
Сауалнама
Жастар жылында бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?

 баспана мәселесі
 жұмыспен қамту
 жас отбасыларға қолдау көрсету

 
Халықтық бақылау
Видеогалерея